Атырау, 18 желтоқсан 18:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Соғыс болмасын деп тілеп отырмыз". Иран қазақтары елдегі жағдай жайлы», «”Шапалақпен тартып жібердік”. Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасын атқылады», «Иран мен АҚШ арасында соғыс бастала ма? Сарапшы пікірі», «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан».

2 885 просмотра

AZATTYQ.ORG  «"Соғыс болмасын деп тілеп отырмыз". Иран қазақтары елдегі жағдай жайлы» - Азаттық Иранда тұратын қазақтармен тілдесіп, елдегі қазіргі ахуал жайлы сұрап білді. Олардың сөзінше, елде соғыстан қорқып отырған жұрт та, "кек алуға дайындар" да жетерлік.

«”Шапалақпен тартып жібердік”. Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасын  атқылады» - Тегеран генерал Касем Сүлейманидің өлімінен кейін АҚШ-тың Ирактағы әскери күштерін баллистикалық зымыранмен атқылады. Иран телеарнасының хабарлауынша, Тегеран 8 қаңтар түнде АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына 15 зымыран атқан. АҚШ тарабы Ирактағы кем дегенде екі базасының шабуылға ұшырағанын мәлімдеді.

«Күйген қой, өлі коала. Өрт зардабын тартқан жануарлар» - Австралияда бірнеше ай бұрын басталған өрт миллиондаған гектарға жуық аумақты алып, ел тарихындағы ең ауқымды өртке айналды. Қазір ел аумағындағы 180-ге жуық орман өртеніп жатыр.

QAMSHY.KZ.  «Иран мен АҚШ арасында соғыс бастала ма? Сарапшы пікірі» - Иран – АҚШ текетіресі әлі де күрделі жағдайда. Десе де Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілшісімен сөйлескен шығыстанушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Иран-Тұран" зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей текетірес ашық соғыс жағдайына ұласып кетуі екіталай екенін айтып, оның бірнеше себебін келтірді.

ABAI.KZ. «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» - Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.


9 қаңтар 2020, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.