Атырау, 18 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Досым Сәтпаев қазіргі билікке не қауіпті екенін айтты», «Иран мен АҚШ жанжалы Каспий теңізі аймағына қалай әсер етеді?», «"Ешкім аман қалмаған". Иранда украиналық жолаушы ұшағы құлады», «Банктер бағаланды, тұтынушы сорға қалды».

2 943 просмотра

ZAKON.KZ. «Досым Сәтпаев қазіргі билікке не қауіпті екенін айтты» - Сондай-ақ саясаттанушы тұрақтылықты тұралаумен шатастыруға болмайтынын айтады. Оның пікірінше, бізде тұрақтылық емес, тұралау болып жатыр.

AZATTYQ.ORG  «"Ешкім аман қалмаған". Иранда украиналық жолаушы ұшағы құлады» - Қаңтардың 8-і күні Тегеран әуежайынан ұшып шыққан Украина компаниясына тиесілі жолаушы ұшағы жерге құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақта кемінде 170 адам болған, олардың бәрі қаза тапқан.

«Иран мен АҚШ жанжалы Каспий теңізі аймағына қалай әсер етеді?» - Иран АҚШ-тың әуе шабуылынан қаза тапқан генерал Касем Сүлейманиді соңғы сапарға шығарып салып жатыр. Тегеран "генералды өлтірген АҚШ-тан кек алатынын" айтса, АҚШ президенті Дональд Трамп "Иран қандай да бір шабуыл жасаса, жауап беретінін" мәлімдеді. АҚШ пен Иран арасындағы жағдай ушығып тұр. 

«Сүлейманимен қоштасуға келген ондаған адам мерт болды. Жерлеу рәсімі шегерілді» - Иран басылымдарының хабарлауынша, АҚШ-тың әуе шабуылдары кезінде қаза тапқан генерал Касем Сүлейманидің Керман қаласындағы қоштасу рәсімі кезінде ондаған адам қаза болып, жүздеген адам жараланған. Осыдан кейін генералдың жерлеу рәсімі кейінге шегерілді.

«”Халықтың қалтасына салмақ салады”. Жаңаөзендіктер газ бағасының өскеніне наразы» - Қаңтардың 6-сы күні Жаңаөзенде тұрғындары мен кәсіпкерлер сұйытылған газ бағасының литрі 53-55 теңгеден 63-65 теңгеге қымбаттағанына наразы болып, қала әкімдігіне жиналды. Олар биліктен газ құнының күрт көтерілу себебін түсіндіруді талап етті. Жұрт наразылығынан кейін қала әкімі газ бағасын қалпына келетінін айтып, уәде берді.

INFORMBURO.KZ. «Жалғыздық синдромы туралы» - Әлеуметтанушы Айсұлу Молдабек Қазақстан қоғамында жалғыздық синдромы дендеп келе жатыр деп есептейді. Бұл ұлт қауіпсіздігіне қатер тудырады.

AIKYN.KZ. «Банктер бағаланды, тұтынушы сорға қалды» - Үкімет «Проблемалық кредиттер қоры» арқылы 2015 жылы «Қазком­мерц­банкке» 250 млрд теңге ($1,3 млрд) құйды. 2017 жылы одан «БТА банкінің» 958 активін, соның ішінде 600 жер телімін 2 трлн 640 млрд тең­геге ($7,9 млрд) сатып алды. 2018 жылы «Цеснабанкке» 450 млрд, ал «Астана банкіне» 100,1 млрд теңге бағытталған. Үш жыл бұрын Банк сек­торының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы аясында жетекші 5 банкке 650 млрд теңге берілді. Банкирлер тағы қолдауды сұрап отыр.  

«Әлеуметтік пакет әлеуетті арттырады» - Әлеуметтік төлем жүйесі рет­теліп келеді. Өйткені Мемлекет басшысы бірнеше заңға қол қойды. Енді мұғалім мәртебесін көтеру, АӘК алу мен әлеуметтік қызметтер порталын қолдану оңтайлана түседі. 

QAZAQTIMES.COM. «Бэлла Орынбет: Орбұлақ шайқасының реконструкциясы қаншаға түсті?» -  Былтыр Алматы облысында Орбұлақ шайқасының тарихи реконструкциясы сахналанды. Бұл шараны орындаушы "Алматы облысы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Тапсырыс беруші "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі. Шара бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылған. Мемлекеттік сатып алу порталында іс-шараны өткізу бойынша қызметтердің көрсетілген сомасы 98 813 978 теңге. 


8 қаңтар 2020, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.