Атырау, 18 желтоқсан 18:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Құқық қорғаушылар: Президент ауысса да, саяси тұтқын азаймады», «Қытайдың саяси ойыны. Серікжан Бияш кім?», «"Сергек" бейнебақылау жүйесі ұлғайтылды: тұзақ, әлде тәртіп..?», «Соңғы жеті жылда Қазақстанда әуе апатынан 70-ке тарта адам қайтыс болған».

2 577 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Құқық қорғаушылар: Президент ауысса да, саяси тұтқын азаймады» - Қазақстанда құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған адамдардың біреуі 2019 жылдың соңында бостандыққа шықты, қалған 16-сы жаңа жылды түрмеде қарсы алды. Құқық қорғаушылар елде президент ауысқанмен "ой-пікірі мен белсенділігі үшін жазаланған азаматтар бұрынғысынша абақтыда отыр" дейді. Билік елде саяси тұтқын барын жоққа шығарады.

INFORMBURO.KZ. «Жалдамалы пәтер алу үшін қандай құжаттар қажет?» - Алматыда жұмыс істейтін жастардан жалдамалы баспанаға құжат қабылдау басталды. Өтініштер 20 қаңтарға дейін қабылданады.

AZATTYQ-RUHY.KZ «Қазақстан азаматтары ЭКО қызметіне тегін жүгіне алады» - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын азаматтар жылына бір рет жасанды жолмен ұрықтандыру қызметіне тегін жүгіне алады.

ABAI.KZ. «Қытайдың саяси ойыны. Серікжан Бияш кім?» - 1945 жылы қазан айының 24-і күні АҚШ, Ұлыбритания және Совет одағы сынды соғыста жеңген одақтас елдердің Сан-Франциско жиынның ұйғарымы бойынша Біріккен ұлттар ұйымы құрылып, жарғысы қабылданды.

«Алжир туралы бірер сөз...» - «АЛЖИР» деген сталиндік ГУЛАГ-тің лагерінде 20 мыңнан астам әйел азап шекті. Отанға сатқындық жасаған «халық жауларының» әйелдері Ақмоладағы осы лагерде отырды. «Халық жауының» әйелін, анасын, қызын, қарындасын - осы қорқынышты жерде жинап, олардың өмірін тозаққа айналдырды.

QAZAQTIMES.COM. «"Сергек" бейнебақылау жүйесі ұлғайтылды: тұзақ, әлде тәртіп..?» - Алматы қаласының полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл қаңтардан бастап көше бойында «Сергек» бейне бақылау жүйесі жетілдіріліп, қосымша жүздеген камера орнатылады. Нақтырақ айтқанда, 1 қаңтар жаңа 400 камера іске қосылды.

«Соңғы жеті жылда Қазақстанда әуе апатынан 70-ке тарта адам қайтыс болған» - 2012 жылдан бері елімізде ең ірі үш ұшақ апатынан 64 адам көз жұмған.  


6 қаңтар 2020, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.