AZATTYQ.ORG «"Кеттім" деп, билікте қалған. Қазақстандағы "транзит" ерекшелігі» - Бірінші президенттің өзі құрған сценарий бойынша билікке келген екінші президент немесе қазақстандық "транзит" биыл халықаралық ақпарат құралдарының назарын аударып, "Қазақстандағы билік ауысуы" медиа құралдарының ең көп қолданған сөз тіркесіне айналды. Орталық Азиядағы елде отыз жылда бірінші рет президент ауысты: Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына оның төңірегінде жүрген басқа адам келді. Бұрынғы президенті билікте қалған елде екінші президент қызметке қалай келген еді?
«Мыңдаған өмірді қиған басқыншылық. 40 жыл бұрын Совет әскері Ауғанстанға кірді» - 1979 жылы желтоқсанның 24-і күні СССР қорғаныс министрі Дмитрий Устинов №312/12/001 директивасына қол қойды. Онда «еліміздің оңтүстік аудандарында орналасқан совет әскерінің бірнеше контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасына кіргізу» туралы шешім қабылданғаны жазылған. Әртүрлі дерек бойынша, 15-30 мың азаматтың өмірін қиған Ауғанстанға әскер кіргізу операциясы қағаз жүзінде осылай басталған.
«Алимент төлеуден қашатындар азаймай отыр» - Қазақстанда алимент төлеуден жалтарғандардың қарызы 5,7 млрд теңгеден асқан. Алиментке берешек екі мыңға жуық адам қашып жүр. Билік ақшаны борышкердің ата-анасынан өндіріп алуды ұсынады. Жаңадан құрылған әлеуметтік қор алимент төлеуге несие бермек.
«Билік экономика "өсті" деп мақтанады. Сарапшылар сенбейді» - Қазақстан үкіметі биыл экономиканың "өсіп", азаматтардың кірісі рекордтық шамаға жеткенін мәлімдеді. Көп балалылардың наразылығынан соң ақпанда бір үкімет отставкаға кетіп, екіншісі әлеуметтік салаға бөлінетін қаржыны арттыруға мәжбүр болды. Мұндай өзгерістің экономикаға әсері туралы айтқан кейбір сарапшы жасақталғанына он ай болған үкіметтің тиімді жұмыс істегеніне күмәнмен қарайды.
ZHASALASH.KZ. «Халық демократияға дайын» - «Тілеуханұлымен сұхбат» бағдарламасының қонағы – саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт. Сұхбат барысында 2019 жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалар сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі, президенттік сайлау, митингілер (рұқсат етілген, билік өкілдері өткізген және ҚДТ мен көпбалалы аналардың акциялары) талқыланды. Сондай-ақ, Ақорда мен «кітапхана» арасындағы қарым-қатынас, саяси процесстерге араласа бастаған дін өкілдері жайлы да сөз қозғалды.
DALANEWS.KZ. «Мұхтар Тайжан: “Біз елдің көзіне ұялмай қарай аламыз”» - Саясаткер Мұхтар Тайжан биылғы жылды таразылап, Ұлттық кеңестің атқарған жұмысын былайша түйіндеген екен.
AZATTYQ-RUHY.KZ «"Ешқашан корпоратив болған емес". Депутаттар жаңа жылды қалай қарсы алады?» - Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян қараша айында-ақ депутаттар мен шенеуніктерге Жаңа жылды елде қарсы алуды бұйырған.