Атырау, 23 сәуір 21:05
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Марғұлан Сейсембай: “Басшының ары таза болуы керек”», «ҚазТАГ агенттігінің нұсқасы бойынша 2019 жылдың 10 басты оқиғасы», «2019 жыл: бір ауыз сөзбен елді шулатқан шенеуніктер кімдер?», «"Полиция басшысына жала жапты". Әйелімен бірге сотталған белсенді».

2 817 просмотра

AZATTYQ.ORG  «"Полиция басшысына жала жапты". Әйелімен бірге сотталған белсенді» - "Жала жабу" бабымен алты айға түрмеге қамалған белсенді Жамбыл Көбейсіновтің әйелі кәмелетке толмаған алты баласын жалғыз өзі қарап отыр. Блогер ой-пікірін ашық білдіргені үшін жазаландым деп санайды. Билік "Жала жабу" бабы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылатынын айтты.

«Лагерь болмаса қашпас едім". "Шекара бұзған" қазақ шартты жазаға кесілді» - Желтоқсанның 23-і күні Жаркент қаласындағы Панфилов аудандық соты Қылмыстық кодекстің "Шекараны заңсыз кесіп өту" бабы бойынша айыпталған Қытай қазағы Қайша Ақанның ісін қарап, үкім шығарды. Судья Эльмира Асубаева "Қытайдан қашған" Қайша Ақанды кінәлі деп танып, алты ай бас бостандығынан айырып, оны шартты жазамен алмастырып, пробациялық бақылау тағайындады. Сот Ақанды Қытайға қайтармай Қазақстанда қалдырды.

«Сарайлар мен зәулім үйлер. Қырғызстаннан шығарылған миллиондар қалай жұмсалды» - Қырғызстаннан аса ірі көлемде ақша шығарылғаны туралы зерттеу мақалалардан кейін Орталық Азиядан шыққан логистика алпауыты Хабибула Әбдіқадырдың есімі жұрт ауызынан түспейтін болды. Азаттықтың Қырғыз қызметі, Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) және Kloop басылымының бірлескен жаңа зерттеуі Хабибулла Әбдіқадырдың АҚШ пен Еуропада жылжымайтын мүлікке ондаған миллион доллар жұмсағанын анықтады.

 ABAI.KZ. «Нұрлан Сәдір: Сталинді дәріптеуге жол жоқ!» - Халқымыз қасиетті Тәуелсіздігі мен қасіретті Желтоқсан оқиғасына құрмет білдіріп жатқанда, тағы бір топ қазақ даласының хас жауы Иосиф Сталинді еске алып, ереуілге шықты. Қазақ халқы тәуелсіздігін сол Сталиндер басқарған Кеңес одағынан алды, қазақ жастарын сол Сталиндер басқарған Кеңес одағы қанқақсатты...

DALANEWS.KZ.  «Марғұлан Сейсембай: “Басшының ары таза болуы керек”» - Соңғы жылдары қоғамдық жұмысқа қауырт араласып, халықтың саяси-қаржылық сауатын ашуға атсалысып жүрген танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдан бизнестегі үзеңгілесі Арманжан Байтасов сыр суыртпақтаған екен. 

ҚазТАГ «ҚазТАГ агенттігінің нұсқасы бойынша 2019 жылдың 10 басты оқиғасы» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 21 ақпан күні Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Бұл ретте ол тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайға, қабылданған заңдарға, үкімет шешімдеріне қарамастан, экономиканың көптеген бағыттары бойынша оң өзгерістерге қол жеткізілмеді деп мәлімдеді.

SPUTNIKNEWS.KZ «2019 жыл: бір ауыз сөзбен елді шулатқан шенеуніктер кімдер?» - Санаулы күндерден кейін 2019 жыл да тарих қойнауына кетеді. Sputnik Қазақстан тілшісі доңыз жылы шенеуніктер мен депутаттардың елді шулатқан сөздерін еске түсірмек.

Дайындаган Әлия Қайырова


24 желтоқсан 2019, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.