AZATTYQ.ORG «Конгрестің төменгі палатасы Трампқа сенімсіздік білдірді» - АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы президент Дональд Трампқа сенімсіздік біілдіруді көпшілік дауыспен қолдады. Трампқа билікті теріс пайдаланды және конгрестің жұмысына кедергі келтірді деген айып тағылды. Енді бұл мәселені Сенат қарамақ.
«Уран банкі мен қала шетіндегі ядролық қалдық полигоны» - Қазақстандағы уран өндірісінің орталығында не болып жатыр? Белсенділер Өскеменде аз байытылған уран банкінің ашылуына байланысты алаңдаушылық білдірсе, сарапшылар қала аумағында улы заттарды сақтаудың тұрғындарға еш қаупі жоқ дейді.
«"Дертін біле тұра босатпады". Семей түрмесінде ракқа шалдыққан тұтқын көз жұмды» - Семей түрмесінде қатерлі ісікпен ауырған сотталушы Виктор Лузянин қайтыс болды. Сот "онкологиялық дертке шалдыққан" тұтқынның түрмеден ерте босатуды сұрап берген өтінішін қанағаттандырмаған еді.
«"Батькаға қарсы келме". Биліктің оппоненттерін қалай өлтірді?» - Беларусь елінде арнаулы жедел іс-қимыл тобының бұрынғы қызметкері батыс басылымына берген сұхбатында 1990 жылдардың соңында оппозициялық саясаткерлерді ұрлап әкетіп, өлтіруге қалай қатысқанын айтып берді. Ол өзіне "қастандық жасалуы мүмкін" деген қауіппен былтыр шетелге қоныс аударған.
«16 желтоқсанда ұсталғандар қалай жазаланды?» - Желтоқсанның 16-сы күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен билікке қарсы шараларда полиция ондаған адамды көшеден ұстап әкетті. Кейбір белсендіні полицейлер шара өтпей жатып үйлерінен алып кеткен. Олардың біразына полиция хаттама толтырған. Кейбіріне әкімшілік көшпелі сот "заңсыз митингіге қатысу" бабы бойынша айыппұл салған. Қамалғандар да бар.
«Пәкістанның экс-басшысы Мушарраф өлім жазасына кесілді» - Пәкістан соты елдің бұрынғы президенті, генерал Первез Мушаррафты "сатқындық жасады" деген айыппен өлім жазасына кесті.
«Тіркелмеген "партиялардың" уәделері» - Биыл маусымдағы президент сайлауынан соң қоғам белсенділерінің саяси партия құруға ынтасы күшейгені байқалды. Олар "Қазақстанның саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін" бағдарлама жасағанын айтады. Алайда Қазақстанда "экстремистік" деп танылып, қызметіне тыйым салынған қозғалысты қолдайтын оппозициялық саясаткер партия құрғысы келетіндердің жоспарына күмәнмен қарайды.
AZATTYQ-RUHY.KZ «Сынаған сайын қызметі жоғарылай беретін шенеуніктер» - Бүгін біз саяси карьерасына дақ түсіріп, талай сынға ұшыраса да қызметі жоғарылай беретін тұлғалар туралы сөз етпекпіз.
QAMSHY.KZ. «Ақордадағы ауыс-түйістің астары неде? Сарапшылар пікірі» - Кеше билікте бірқатар кадрлық ауыс-түйістер болды. Президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына орай қызметтен кетсе, Қанат Бозымбаев энергетика министрі қызметінен босатылып, президент көмекшісі болып тағайындалды. Дархан Кәлетаев президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Оның қандай қызметке тағайындалғаны әзірге белгісіз.