Атырау, 18 желтоқсан 18:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«”Тоқаев Назарбаевты жұбатып қойды”. Президент сұхбаты нені аңғартты?», «Ж.Немцова: “Диктатураға жаным қас”», «Тайжан:“Қырымның аннексияланғанын Тоқаев білмейді дейсіздер ме?”», «”Қорғас ісі” мен “Кедендегі миллиондар” сабақтары».

4 615 просмотра

AZATTYQ.ORG  «”Тоқаев Назарбаевты жұбатып қойды”. Президент сұхбаты нені аңғартты?» - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың неміс басылымына берген сұхбатында айтқандары қызу талқыға түсіп, мәлімдемелері ел ішінде ғана емес, шетелде де сынға ұшырады. Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев «Тоқаев өзінің тәжірибелі дипломат емесін көрсетті» дейді.

«"Газ бен жарық керек". Өзбекстанда наразылар билікке талап қойды» - Күн суытқанда газ бен электр жарығының тапшылығы Өзбекстанның кей аймағында тұрғындардың наразылығын тудырды. Олар биліктен энергетикалық дағдарыстың шешімін табуды талап етті.

«"Алматы-2050" стратегиясы шаһарды "ақылды қалаға" айналдыра ала ма?» - Алматы қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын интернетте талқылап жатыр. Жергілікті билік Алматыны "шет аймағы жоқ", "ақылды әрі тең мүмкіндіктер" қаласына айналдырғысы келеді. Ал белсенділер "әкімі жиі ауысатын қалаға қысқа мерзімді жоспарлар пайдалы" деп санайды.

DALANEWS.KZ.  «Жанна Немцова: “Диктатураға жаным қас”» - Күні кеше ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан сұхбат алды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев: “Қазақстанда жұп билік жоқ”» - Қазақстан президенті Қасым–Жомарт Тоқаев Германияға сапарының алдында немістің Deutsche Welle агенттігіне сұхбат берді. Тоқаевпен осыдан төрт жыл жыл бұрын оққа ұшқан орыс оппозиционері Борис Немцовтың қызы – Жанна Немцова сауалдасты.

«“Бізден неге сұрамайды?”. Ұстаз Білім министрлігінің жаңа реформасын сынады» -“Еліміздегі ең көп «реформаланған» сала, ол – білім саласы. Осы көп «реформалардың» бірде-бірі білім саласына оң нәтиже берген жоқ. Неге? Себебі, бұл реформаларға мұғалімдер қатыстырылмады”, – дейді ұстаз Нұрғали Махан. Жоғары санатты педагогтің Абай порталында жарияланған мақаласын ықшамдап ұсындық.

«Тайжан: “Қырымның аннексияланғанын Тоқаев білмейді дейсіздер ме?”» - Саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан президент Тоқаевтың Қырымға түбегіне қатысты мәлімдемесіне байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Dalanews.kz.

QAZAQTIMES.COM. «”Қорғас ісі” мен “Кедендегі миллиондар” сабақтары: БАҚ институтының детективті әлеуеті» - 2010 жылдың қарашасында беті ашылған аса ірі көлемдегі экономикалық қылмыс «Қорғас ісі» мен биыл ортазиялық ақпарат кеңестігін елең еткізген қырғыз «Кедендегі миллиондар» ісінің туыстық белгілері мен ерекшеліктері. Ауызбастырық алып үйренген кеден басшыларының бармақ басты, көз қысты әрекетімен шекара асқан миллиардтардың ағынына бойлап көреміз. Аталған ауқымды экономикалық қылмысқа қатысты  ұйымдасқан топтардың жолын кесудегі екі елдің медиаәлеуетін бағамдаудың маңызы зор.  


6 желтоқсан 2019, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.