Атырау, 18 желтоқсан 18:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Назарбаевтың Ташкентке сапары қос билік жайлы күдікті қоюлатты», «Нұрсұлтан Назарбаев. Компартия хатшысынан "елбасына" дейінгі жолы», «Мемлекеттік тіл: Ұлттық кеңестің мүшелері неге «араздасып» жатыр?», «Ұлттық бюромен соғыс енді басталады».

5 653 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Нұрсұлтан Назарбаев. Компартия хатшысынан "елбасына" дейінгі жолы» - Нұрсұлтан Назарбаев биыл алғаш рет "бірінші президент күнін" экс-президент статусында атап өтеді. Қазақстанды отыз жылдай үздіксіз басқарып келген ол биыл наурызда президенттіктен кеткенін жариялаған еді. Бірақ Назарбаев елдегі биліктің бір тармағын әлі уысында ұстап отыр. Назарбаев кім? Азаттық бұл сауалды экс-президентпен бірге қызметтес болған саясаткерге, құқық қорғаушыға, жазушы, тарихшы, саясаттанушы, жас белсендіге қойып, пікірлерін білді.

«Назарбаевтың Ташкентке сапары қос билік жайлы күдікті қоюлатты» - Ташкенттегі Орталық Азия елдері басшылары саммитіне Қазақстаннан қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев емес, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев барды. Бұрынғы басшының елдің сыртқы және ішкі саясатына белсенді араласып жүруі нені білдіреді? Шет елдер оны қалай қабылдайды? Азаттық кәсіби дипломат Қазбек Бейсебаевтан сұрап көрді.

«Қырғыз экс-президенті Бакиевтің немересі ата тегін ауыстырды» - Қырғызстанның шетелге қашқан бұрынғы президентінің немересі Руслан Бакиев ата тегін "Петров" деп өзгерткені жайлы Беларусь басылымы хабарлады. Қазір ол атасы Құрманбек Бакиев тәрізді сол елде тұрып жатыр.

«Заңсыз мигрантты "құжаттандырудың" жылпостар тапқан жолы» - Швеция заңындағы саңылауды пайдаланып мыңдаған заңсыз мигрант сол елде жұмысқа орналасып, еркін өмір сүріп келген. Швецияның TV4 арнасы мен Азаттық радиосының бірлескен зерттеуі осыны анықтады.

«Қытай АҚШ-тағы құқық қорғау ұйымдарына санкция салды» - Пекин 2 желтоқсанда штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан үкіметтік емес халықаралық құқық қорғау ұйымдарына "Қытайдың арнайы әкімшілік аймағындағы (Гонконг) көтерілісті қолдағаны үшін" санкция салды. Бұл – Қытайдың АҚШ президенті Дональд Трамптың Гонконгтегі наразылықты қолдайтын заңына "жауабы".

QAMSHY.KZ. «Мемлекеттік тіл: Ұлттық кеңестің мүшелері неге «араздасып» жатыр?» -  Бұл түйін бүгін шешілмесе, ертең қиын болады Ұлттық мүддеге қатысты  қауіпті құбылыс байқала бастады. Ол не? Қазір президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрған Ұлттық кеңестің мүшелері әлеуметтік желі бетінде, интернет сайттарда бір-бірімен тартысып, «араздасып» жатыр. 

ZHASALASH.KZ. «Түгенбайдың Тазабектің жиынына айтқан сөзі» - Өмірмен хош айтысам деп шешім қабылдаған адамды өлімнен ешнәрсе тоқтата алмайтын секілді, өшем деген ел де өзінің  тұңғиығына қарай бас-көз жоқ жүгіреді екен. Мен соны ұқтым. Кім сатқын, қайсысы билікпен ауыз жаласты, кім оң, кім солақай деп қоғамның озық ойлы азаматтары бір-бірінен күмәнданып жүргенде ваххабизм ағымын таратушы топтар өздерінің аяр пиғылын жүзеге асырып жатыр.

«Ұлттық бюромен соғыс енді басталады» - Ислам Әбішев пен Серік Түкиев ісіне байланысты кезекті сот отырысында адвокаттар қате жасалған сараптаманы судья Қажымұқан Мекемтастан  жарамсыз деп табуды тағы сұрады.

AZATTYQ-RUHY.KZ «”Реформадан реформа”. Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімсіздігі неде?» - Есеп комитеті 2019 жылдың алты айында Қазақстандағы мемлекеттік, квазимемлекеттік органдардың жұмысынан тиімсіз пайдаланған 790 млрд 1 млн теңгені анықтаған.

Дайындаған Әлия Қайырова


3 желтоқсан 2019, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.