Атырау, 13 желтоқсан 18:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Жаңа бағдаршамдар орнатылады

2 728 рет қаралды

Қалада қосымша 800 жол белгісін орнату жұмыстары басталмақ. Бұл туралы ІІД жол-полициясы басқармасының жол-көлік инспекциясының бөлім бастығы Махамбет ТӨЛЕМІСОВ хабарлады. 

«Біз қаладағы көше-жол тораптарын 2000 жол белгісімен жабдықтау қажеттілігі туралы айтқан едік. 800 белгіні сатып алуға қаржы бөлінді. Бұдан басқа,  бірінші тоқсан ішінде қала аумағында  цифрлық 20 бағдаршамды орнату мәселесі шешілуі тиіс», - деді ол.

Жол полицейлері Бигелдинов-Тайманов, Құрманғазы-Авангардная («Көктем» базары), Сәтбаев-Ерниязов («Дом быта»), Владимирский мен Құлмановтың екі жағынан, Досмұхамбетов-Құрманғазы, Сырым Датов-Элеваторная және көп қозғалыс орын алатын басқа да реттелмейтін жол қиылыстарында бағдаршамдар орнатуды ұсынып отыр.

«Қала әкімі бағдаршамға қатысты біздің ұсынысымызды қолдады. Қазір қаржы бөлу туралы мәселе шешілуде», - дейді М.Төлемісов.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.