AZATTYQ.ORG «Ядролық сынақтан зардап шеккендерге уәделі жеңілдік неге берілмейді?» - Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен халықтың 68 пайызы экологиялық төлемдер алмайды. Бұл дерек Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтанушылары жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталған. Үкімет мұндай төлемдер "лайықты деңгейде" болуы керегін, бірақ әзірге оның шешімі жоғын айтады.
«"Күзет күшті, әскерилер көп". Иран қазақтары наразылық жайлы» - Иран билігі елде бензиннің қымбаттауына наразылық күшейген тұста интернетті бұғаттап, ұялы байланысқа шектеу қойды. Иранда тұратын қазақтар "үлкен қалалардағы алаңдардың толық қоршауда тұрғанын, елде күзет қатайғанын" айтады.
«Шенеуніктің қоқан-лоқысынан соң екі журналист қызметтен кетті» - Ташкент қаласының әкімі "үш тілшіге қоқан-лоқы көрсетіп, ар-намысына тиді" деген ақпарат тарағаннан кейін жаңалықтар сайтында істеген екі өзбек журналисі жұмысынан кетті.
«Бостандығын шектеу және 100 сағат қоғамдық жұмыс: ҚДТ қызметіне "қатысы бар" белсенділерді қалай соттады?» - Алматыда сот елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына "қатысы бар" деп таныған төрт белсендінің бостандығын бір жылға шектеді. Бұған қоса олардың үшеуін 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді. Сотталушылардың бірі үкімге шағым түсіретінін айтты.
ABAI.KZ. «Ұлықтарға «Ұлы Дала» керек пе?» - Жақында әйтеуір мазаққа объект іздеген күлкішіл жұртты мәз қылған, әйтеуір өкіметке шүйліккісі келіп тұратын ызалы ағайынды "тағы ақша жымқырмақ болған ғой, жүз миллион, ой, сұмдық-ай" деп кіжіндірген, қалай дегенмен де сілтемесі аяқ астынан электронды БАҚ, әлеуметтік желі мен мен telegram, whatsup-та ерсілі-қарсылы ағылған бір жаңалық болды.
ZHASALASH.KZ. «Әділбек Жақсыбековтің ұлының Манхэттендегі бір үйі» - Қазақстан шенеуніктері мен олардың отбасы мүшелерінің нендей дүние-мүлкі бар екенін қазақстандықтардан гөрі шетелдіктер жақсы біледі. Өйткені Батыс елдерінің көпшілігінде дүние-мүлік, пәтер мен бизнес жөніндегі ақпарат ашық. Біз Нью-Йорк қаржы департаментінің тұрғын үйді тіркейтін қалалық регистрі сайтын ақтарып отырып, Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВТІҢ ұлы Дәурен ЖАҚСЫБЕКТІҢ Манхэттендегі пәтерін тауып алдық.