Атырау, 18 желтоқсан 17:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Досым Сәтпаев: “Халықты тұншықтыра бергеннен түк шықпайды”», «Қоғамның "оянуы" және биліктің "жынды құтыға қайта тығу" әрекеті», «Назарбаевтың бітімгерлігіне Путиннің жауабы», «Беларусь оппозициясын парламент сайлауында не күтіп тұр?».

3 924 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Қоғамның "оянуы" және биліктің "жынды құтыға қайта тығу" әрекеті» -  Батыс басылымдары осы аптада Қазақстан мен Өзбекстан арасында шетел инвестициясы үшін бәсекенің өршіп бара жатқанын хабарлап, Қазақстандағы наразылықтың себебіне үңілген және Ресейді айналып өтіп, Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға баратын теміржол бағыты туралы сөз еткен.

«Беларусь оппозициясын парламент сайлауында не күтіп тұр?» - Қарашаның 17-і күні Беларусьте парламент сайлауы өтпекші. Сарапшылар, сайлау бюллетенінде оппозиция өкілдері саны бұрынғымен салыстырғанда көп болғанымен, саяси науқан ескі сценарий бойынша өтеді деп топшылайды.

«"Дайындықсыз кездесу". Назарбаевтың бітімгерлігіне Путиннің жауабы» - Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Путин мен Зеленскийді Нұр-Сұлтан қаласында бетпе-бет кездестіру" жайлы бастамасына жауап берді.

«Жанармайдың қымбаттауы билікке наразылыққа ұласты» - Иран билігі бензин бағасының қымбаттауына қарсылық білдіріп шеруге шыққандарға күш қолданып, интернет пен мобильді байланысты шектеді. АҚШ Тегеранның әрекетін айыптап, "бейбіт шеруге шыққан халықты қолдайтынын" мәлімдеді. Иран басшылығы "қоғамға іріткі салды" деп "жауларды" кінәлайды.

«"Сабылып жүрміз". Қытай қазақтары азаматтық алудың созылып кеткеніне қапалы» - Қытайдан қоныс аударған кей қазақтар жарты жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмай жүргенін айтады. Көші-қон полициясы өкілі мұның себебін "құжат рәсімдейтін қызметкерлердің аздығымен" түсіндіреді.

DALANEWS.KZ.  «Досым Сәтпаев: “Халықты тұншықтыра бергеннен түк шықпайды”» - Медиабизнесмен Арманжан Байтасов саясаттанушы Досым Сәтпаевты ашық әңгімеге шақырған екен. Емен-жарқын басталған екеудің арасындағы диалог қыза келе нағыз пікір қайшыласқан, принциптер текетірескен додаға ұласыпты. Dalanews.kz осы дискуссиядан кішігірім үзінді ұсынады.

«Хабар» ертегі айтуды доғарды ма?» - Онысы орынды да. Өмір өзгергенмен, «Хабар» өзгермеген еді осы күнге дейін. Халықтың «Хабардың» «қырық өтірігіне» иланатын өткелден өтіп кеткенін Бекқожин білмеуі мүмкін емес.

«Тасмағамбетов: “Халық қаһарман тұлғалар жайында ақиқатты білгісі келеді”» - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің баспасөз орталығында елшіліктің ұйықты болуымен Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың негізін қалаушы Ораз-Мұхаммед Онданұлының тұлғасы мен қызметі туралы халықаралық конференция өтті.


18 қараша 2019, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.