Атырау, 18 желтоқсан 17:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Дулат Ағаділ: Жазықсыз қудалау мен заңсыздық қашуға мәжбүр етті», «Шай, орамал, шаштараз – әншілер таңдаған бизнес», «ТШО-ны кеңейту жобасына қатысты сауда жүріп жатыр: Қазақстан АҚШ-пен мәмілеге келе ала ма?», «Тоқаев қабылдамаған әлі төрт министр бар».

3 714 просмотра

CAMONITOR.KZ. «Қазақстан үшінші әлемнен бірінші әлем қатарына қайта орала алады ма?» - Адам капиталының жетіспеушілігі – Қазақстанның дамуындағы басты кедергі болып табылады, ал ЖІӨ-нің өсуі мұнда енді көмектеспейді. Ел өзі ғалымдарды дайындап, жоғары технологиялар өнімдерін шығара бастамаса, ол индустриялық әлемнің соңында үшінші сұрыпты күн көруге мәжбүр болады. Оның үстіне кетіп бара жатқан поезге секіріп мінуге уақыт дерлік қалған жоқ. Ескі және тексерілген әдістерді қолдана отырып, жылдам әрекет ету керек. Кембридж университетінің философия докторы және Кембридж Орталық Азия форумының ғылыми қызметкері Чокан Лаумулинмен өтетін біздің дәстүрлі күзгі сұхбатымыз дәл осы мәселеге арналады.

«Үйдегі зорлық-зомбылық құрбандарына айналатындар көбінесе қазақ әйелдері» -Қазақстандағы үйдегі зорлық-зомбылық статистикаға көнбейді, өйткені оның құрбандары құқық қорғау органдарына және дағдарыс орталықтарына, өте қауіпті жағдайларда болмаса, сирек жүгінеді. Бірақ тіркелген фактілердің саны бойынша да бұл мәселе өткір сипатқа ие болғанын және ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіріп отырдеген қорытынды жасауға болады.

AZATTYQ.ORG  «Дулат Ағаділ: Жазықсыз қудалау мен заңсыздық қашуға мәжбүр етті» - Уақытша қамау орнынан "жоғалып, қайта табылған" Дулат Ағаділді жұма күні Бас прокуратураға келген кезде полиция ұстап, Целиноград ауданы полиция бөліміне жеткізді. Ол билікке белсенділерді қудалауды тоқтату талабын жеткізу үшін қамау орнынан өз еркімен кеткенін мәлімдеді.

AZATTYQ-RUHY.KZ «Шай, орамал, шаштараз – әншілер таңдаған бизнес» - Өнер жұлдыздары концерт, клип және телевизиялық жобалардан бөлек той арқылы қомақты қаржы табады. Соңғы жылдары әншілер шоу-бизнестен бөлек сауда, жеңіл өнеркәсіп, мейрамхана және тағы басқа кәсіп түрлерінде де өздерін сынап көре бастады. «Azattyq Ruhy» назарларыңызға сәтті бизнес жүргізетін әртістердің тізімін ұсынады.

«ТШО-ны кеңейту жобасына қатысты сауда жүріп жатыр: Қазақстан АҚШ-пен мәмілеге келе ала ма?» - ТШО-ны кеңейту жобасы 30% қымбаттауы мүмкін. 2015 жылы жоба 23 миллиард доллардан 37 миллиардқа дейін өскен.

«Қорқатын ештеңе жоқ»: Досаев Қазақстанға келетін ірі шетелдік банктер туралы» - Ұлттық банк төрағасы ЕАЭО-да ортақ нарық құрылғаннан кейін Қазақстанға ірі шетелдік банктер келетінін растады.

«Тоқаев қабылдамаған әлі төрт министр бар» - Тоқаевтың ел Президенті ретінде алғашқы ресми қабылдауы үкімет басшысы Асқар Маминнен басталды.


15 қараша 2019, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.