Атырау, 18 желтоқсан 18:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«А.Батырбеков: Қылмыстық кодекс жұмыс істесе, мен ақталамын», «Жақтастары белсендінің "қамаудан қашқанын" айтқан полициядан айғақ талап етті», «Қытай несиесіне Қазақстанда 1841 шақырым жол жаңартылуда», «Саймаитидың қазасы қырғыз қоғамын неге дүрліктірді?

2 640 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Мирзияевтың күйеу баласы – ММА басшысы. Президент отбасының ықпалы күшейіп келеді» - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кіші қызы Шахноза Мирзияеваның күйеуі Отабек Умаров елдегі ММА (ережесі жекпе-жек) федерациясының басшысы болды. Бұдан бөлек, Умаров – президенттік жеке қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары. Ол Өзбекстан триатлон спорты федерациясын да басқарады. Президенттің күйеу баласы жоғары лауазымды шетелдік меймандар қатысатын шараларда бейресми елші қызметін де атқарады.

«Жақтастары белсендінің "қамаудан қашқанын" айтқан полициядан айғақ талап етті» - Ақмола облысы полиция департаменті әкімшілік сот шешімімен қамауда отырған Дулат Ағаділдің "қашып кеткенін" айтады. Бұл хабарға күмән келтірген құқық қорғаушылар мен жақтастары белсендінің "қашқаны" жайлы видеоны көрсетуді талап етті.

«Амангелді Батырбеков: Қылмыстық кодекс жұмыс істесе, мен ақталамын» - Түркістан облыстық соты "Жала жабу" және "Қорлау" бабымен 2 жыл 3 айға түрмеге қамалған журналист, белсенді Амангелді Батырбековтің апелляциялық шағымын қарап жатыр. Жақтастары мен құқық қорғаушылар биліктен журналисті босатуды талап етеді.

«Айеркен Саймаитидың қазасы қырғыз қоғамын неге дүрліктірді?» - Қарашаның 10-ы күні Стамбулда Қытай азаматы этникалық ұйғыр Айеркен Саймаитиды атып өлтірді. Түркиядағы бұл қылмыс Қырғызстан қоғамында резонанс туғызды: бас консул қызметінен кетті, мұның соңы дипломатиялық жанжалға ұласуы да мүмкін.

«"Трампқа Украина емес, Байден жайлы зерттеу маңызды болған". Конгрестегі тыңдауда не айтылды?» - АҚШ Конгресінде импичмент мәселесі бойынша өткен тыңдауда осы елдің Киевтегі уақытша өкілі АҚШ-тың Еуропа Одағындағы елшісі Гордон Сондлэндтің "Дональд Трампты Украина саясаты емес, саяси қарсыласы жайлы зерттеу жүргізу көбірек қызықтырды" деп айтқанын растады.

«Теміртау тұрғындары экологиялық апат жайлы айтады» - Қазақстандағы ауасы ең лас қала деп танылған Теміртауда қоғам өкілдері экологиялық апат мәселесін қайта көтеріп, қажет шаралар қабылдауды сұрады. Билік қоршаған ортаны ластайтын заттарға қарсы күреске көмектеседі деп әлі қабылданбаған жаңа экологиялық кодекске үміт артады.

INFORMBURO.KZ. «Қытай несиесіне Қазақстанда 1841 шақырым жол жаңартылып жатыр» - Қазақстан-Қытай консорциумдары жол салу және жөндеу бойынша 5 жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның қатарында Нұр-Сұлтан оңтүстік айналма жолы да бар.


14 қараша 2019, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.