Атырау, 18 желтоқсан 17:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Бүгін Заманбек Нұрқаділовтың дүниеден қайтқан күні», «Қосановтардың әлі талайы болады – Тоғжан Қожалиева», «Әбішев соты немесе Абзал Құспанды лицензиясынан айыру кімге керек?», «Әлихан Смайылов: "Бюджетті игермеген басшыларды жауапқа тарту керек"».

3 608 просмотра

ZAKON.KZ. «Қосановтардың әлі талайы болады – Тоғжан Қожалиева» - Бұл мемлекет үнемі өзін-өзі алдау идеологиясымен келеді: алға бір мақсат қояды, ал оны орындау жағы мүлдем басқа бағытта лағып кетеді.

«Бүгін Заманбек Нұрқаділовтың дүниеден қайтқан күні» - 2005 жылдың соңында Президенттік сайлау өтті. Сол сайлаудың қарсаңында Заманбек Нұрқаділов ажал құшты.

AZATTYQ.ORG  «Екеуі үйде отыр, өзгесі онлайн мектеп пен жеке лицейде оқиды» - Ақтөбеде "хиджаб дауына" бола екі оқушы қыз қыркүйектен бері сабаққа барған жоқ. Орамалын шешкісі келмегендердің бірсыпырасы қыздарға арналған сыныбы бар жеке меншік лицейде, ал кей оқушы Ресейдің онлайн мектебінен білім алып жүр.

QAZAQTIMES.COM. «Әбішев соты немесе Абзал Құспанды лицензиясынан айыру кімге керек?» - Қоғамдағы әділетсіздіктерге бейжай қарай алмайтын, ақиқаттың сақшысы ретінде белгілі адвокат Абзал Құспанға қатысты айыптаулар азаматтық қоғамның назарын аударып отыр.   Ақорданың құқықтық ағартушылық қызметі мен Әділет министрлігі және Арман Шораевтың айыптауы арасында қалған адвокаттың жағдайын өз сөзімен пайымдап көрелік.

«Дүниежүзілік банк Шыңжаң мәселесін байланысты Қытайға қысым түсіруі мүмкін» -  Дүниежүзілік банк (ары қарай ДБ) дүйсенбіде жасаған мәлімдемесінде, Қытайдың Шыңжаңдағы құрылыс жобаларын қаржыландыруды тоқтататынын білдірді. ДБ болжауынша, 2015 жылы Қытайдағы білім беру жобасына берілген 50 млн доллар көлеміндегі несие Шынжаңдағы мұсылман азшылықтарын қамайтын лагерлерге жұмсалған болуы мүмкін. 

INFORMBURO.KZ. «Әлихан Смайылов: "Бюджетті игермеген басшыларды жауапқа тарту керек"» - Үкімет басшысының бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов он айдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын игермегені үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бағдарламалар жетекшілерін жауапқа тартуды сұрады.


12 қараша 2019, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.