Атырау, 18 желтоқсан 18:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«”Полицияға бағынбады” деген айып наразыларды жазалаудың жаңа тәсілі ме?», «Омбы форумы: Ресей кәсіпкерлері Қазақстаннан көмек сұрады», «Батыс елдері Нұр-Сұлтаннан митингіге рұқсат беріп, азаптауды тоқтатуды сұрады», «Әліпбидің айтылмаған әуресі».

7 029 просмотра

INFORMBURO.KZ. «Трамп исламофобиясы. Америкада мұсылман болу қаншалықты қауіпті?» - Адам құқығы бәрінен жоғары қойылатын демократиялық Америка құрама штаттарында да түрлі қоғамдық мәселелер жетерлік. Олардың бірі – мұсылмандарды жек көрушілік. Оның негізгі әрі өзекті себебі – исламды терроризммен байланыстыру болып отыр.

 «Әліпбидің айтылмаған әуресі» - Латын әріпі қолданысқа толығымен түскен кезде, қазақ мектебіне бала өткізетіндер саны күрт төмендемек түрі бар.

«Омбы форумы: Ресей кәсіпкерлері Қазақстаннан көмек сұрады» - Омбы форумында Қазақстан мен Ресейдің сауда саласындағы мәселелері сөз болды. Қос елдің басшылары әріптестік тетіктерін талқылады.

AZATTYQ-RUHY.KZ «Интернет алаяқтық өршіп кетті: ІІМ сақ болуға шақырады» - Құзырлы орган банк карточкалары туралы мәліметті ешкімге бермеуге кеңес береді.

AZATTYQ.ORG  «Батыс елдері Нұр-Сұлтаннан митингіге рұқсат беріп, азаптауды тоқтатуды сұрады» - 7 қарашада Женевада Қазақстан БҰҰ құқық қорғау органында елдегі адам құқығының жағдайы бойынша есеп берді. Жиында Батыс елдері Қазақстаннан Қылмыстық кодекстің кейбір нормаларын, соның ішінде «Араздықты қоздыру», «Жалған ақпарат тарату» сынды баптарды қайта қарауды ұсынды. Делегаттар Қазақстан сайлау заңнамасы бойынша ЕҚЫҰ ұсыныстарын жүзеге асыру керегін де айтты.

«”Полицияға бағынбады” деген айып наразыларды жазалаудың жаңа тәсілі ме?» - Қазақстанда соңғы бірнеше айда билікке қарсы митингіге қатысқаны үшін я наразылық шарасы өткен жерде болғаны үшін ұсталған ондаған адам «полиция талабына бағынбады» деп айыпталды. Олардың бірқатарына полицейлерге қарсы «күш қолданды» деген айып тағылды. Құқық қорғаушылар билік мұндай айыптаулар арқылы «қоғамды қорқытып», үкіметті сынаушылардың аузын жабуға талпынып отырғанын айтады.

«"Нан орнына картоп жейміз". Ұн неге қымбаттады?» - Қараша айынан бастап Қазақстанда ұн және одан жасалатын өнімдерінің қымбаттағаны байқалды. Биыл астық былтырғыдан аз жиналды деп уәж айтатын билік, нан бағасы айтарлықтай өспейді деп сендіргісі келеді. Кей сарапшының сөзінше, сапалы астық экспортқа жіберілуі ішкі рыноктағы бағаға әсер етеді.

ABAI.KZ. «Балалық шақты ұрлаған сәләфизм» - Сәләфизмнің радикалданып, жасөспірімдерімізге түрлі ой салған кездерінің де белең алған жылдары болды. Атап айтқанда, Солтүстік Кавказдағы қарулы қақтығыстарға елімізден мектеп оқушылары да аттанған. Сол уақыттарда балалық шағы радикалды бағытқа ұласып, бүгінде өмірден өз жолын тапқан «Бақыт» (есімі өзгертілген) есімді кейіпкерімізбен сұхбат жүргізген едік.

11 қараша 2019, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.