Атырау, 23 қараша 02:43
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Рафаэльдің галереясы

5 699 просмотра

Өткен апта мәдени жаңалықтарға толы болды. Алайда Сәтбаев, 66 мекен-жайындағы Tengri Art заманауи өнер галереясының ашылуы өзгеше оқиға болды.

Галереяның қожайыны суретші Рафаэль СЛЕКЕНОВ танымал тұлға – «Тарлан» Ұлттық сыйлығының жүлдегері, MircaArtGroup халықаралық суретшілер қауымдастығының (Стокгольм қ.) мүшесі,  Қазақстанның Суретшілер академиясының корреспондент-мүшесі. Заманауи суретшілердің шығармашылығын таныстыратын галереяны ұйымдастыру Еуропаға көп сапарлайтын оның көптен бері ойластырып жүрген идеясы болатын. Автордың пікірінше, бұл – өнер адамдары, мейлі ол танымал шебер болсын немесе әзірге өзіне сенімсіз жас суретші болсын, өз туындылары үшін көрме алаңына ие болып, қолдау табатын орын. Мұнда тек картиналар ғана қойылмайды.

- Біз қала тұрғындарын бүгінгі күнгі өзекті мәселелерге үн қоса отырып жұмыс істейтін түрлі суретшілердің шығармашылығымен таныстырамыз. Кескіндемедегі, скульптурадағы жаңа үрдістермен, инсталляцияларға, бейне-артқа, фотосуреттерге қызығушылық танытатын барша жан үшін есігіміз ашық. Егер мұражайлар мемлекетке тиесілі болса, бұл галерея – біздің бәріміздікі, - дейді Рафаэль Слекенов.

Ол өз әріптестерінің, соның ішінде жаңадан сурет сала бастаған суретшілердің шығармашылығын түрлі көрмелер мен интернетте мұқият қадағалап отырады. Бізде көп болмаса да, кейіннен өнер саласында жаңа толқынға айнала алатын таланттар бар екендігіне сенімді.

Алғашқы көрмеден келушілер аустралиялық суретші Стефани ШЕППАРДТЫҢ Лондондағы әсем өнерлер академиясында тәжірибеде болған кезде салған картиналарын және Африкадан әкелген ашық реңді, жарық пен көңіл-күйге бай портреттерін тамашалады. Сондай-ақ, мексикалық суретші Рауль Говеа Перальданың картиналары, канадалық авангардист  Артур Потцаның албырт туындылары, Каунастағы өнер академиясының (Литва) профессоры Стасис МОСТАУСКАСТЫҢ және қазақстандық суретші, композитор, коллекционер Ерсайын ЖАПАҚТЫҢ өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленетін шығармалары қойылды. Әрине, Рафаэль Слекеновтің өзінің туындылары да бар.

Арманының орындалғанына шаттанған Рафаэль әзірге материалдық жағын ойланбапты.

- Мен рахат күй кешіп жүрмін. Өнерді жаны сүйетін адамдар бар, көп. Бірақ, олар картиналарды сатып алмаса, өздері біледі, әйтеуір жәй ғана тамашаласа болды. Бұдан әлем тек құлпыра түседі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

31 қазан 2012, 18:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.