DALANEWS.KZ. «Қарин: “Ешқандай қос билік, екіге жарылу, бөліну жоқ”» - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың уәзірі Ерлан Қарин арнайы видео түсіріп, Конституция баптарын көрсетіп, қос билікке қатысты гу-гу әңгімеге нүкте қоюға тырысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Ерлан Төлеутай: “Бізді торгаштар билеп-төстеп отыр”» - Өнертанушы Ерлан Төлеутайдың мына бір пікірі іштен тынып жүрген талайдың айызын қандырғандай екен. Өнертанушы барша бақытсыздығымыз бен сәтсіздігіміздің бастауында тұрған себепті бетің бар, жүзің бар демей тура айтыпты.
«Тазабеков: “Шаханов пен Мағауинді табыстыратын бір қазақ табылмай тұр”» - Ақын Мұхамеджан Тазабеков бүгінгі қоғамда аяқтан шалу, тобықтан тарту секілді сүйкімсіз қылықтар қалыпты құбылысқа айналған деп есептейді.
«Жасарал Қуанышәлин: “Мамайдың партиясы – биліктің жобасы”» - Белгілі оппозиционер Жасарал Қуанышәлин желіде Жанболат Мамайдың көзге ұрып тұрған төрт үлкен қателігін тізіп шықты.
AZATTYQ-RUHY.KZ «Миллионер Д.Ыдырысов «Алматыметроқұрылыстың» акциясына таласып жатыр» - Қазақстандағы ең беделді 50 бизнесменнің тізіміне кіретін Дінмұхаммед Ыдырысов Алматыдағы метро құрлысын жүргізіп жатқан кәсіпкерді заңсыз қудалап отыр, дейді адвокат
TTJK.KZ. «IITU Robocon Games» чемпионаты» - 30-31 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа Astana IT университетінде оқушылар арасында робототехникадан «IITU Robocon Games» бесінші республикалық чемпионаты өтеді.
AZATTYQ.ORG «Қос басшының "билікке таласы" және Шыңжаң лагеріндегі азап» - Осы аптада шетел баспасөзі Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі "саяси қайта тәрбиелеу лагерьлеріне" қамалғандардың ауыр ахуалы туралы жазды. Халықаралық басылымдар бұған қоса, Қазақстандағы Қауіпсіздік кеңес басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа "консультативтік құқық" беретін президент жарлығын талдап, Shell ағылшын-голланд компаниясының "экономикалық тұрғыда тиімсіз" деп тапқан Қазақстанның екі бірдей кен орнынан кетіп жатқаны туралы жазған.
«Трамп ДАИШ басшысы әл-Бағдадидің өлтірілгенін хабарлады» - АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияның солтүстік батысында америкалық әскерилер жүргізген арнаулы операция нәтижесінде ДАИШ экстремистік тобының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадидің көзі жойылды деп мәлімдеді.