Атырау, 18 желтоқсан 18:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Назарбаевтар әулеті ас та төк өмірін тағы да паш етті», «Сәкен Сейфуллинге қатысты алыпқашпа әңгімеге нүкте қойылды», «Тарихи ескерткіштері тозған қалада туризм қалай дамиды?», «Мемлекеттік органдарды аудит жасаса, жүздеген млрд үнемделер еді».

5 282 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Назарбаевтар әулеті ас та төк өмірін тағы да паш етті» - Қазақстан президенті қызметінен кеткенімен мемлекеттік аппаратты бақылау тізгінін уысынан шығармаған Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туыстары жайлы соңғы апталарда тараған жаңалықтар әулеттің беделіне сызат түсіргендей әсер қалдырды.

«Нұр-Сұлтанда терроризм айыбы тағылған 14 адамның соты басталды» - Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында "террорлық ұйымға қатысты" деп айыпталған 14 адамның ісі бойынша сот процесі басталды. Айыпталушылар бұған дейін Қазақстанға Сириядан жеткізілген.

«Тарихи ескерткіштері тозған қалада туризм қалай дамиды?» - Биыл жыл басында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке аймақта туризмді дамытуды тапсырған. Іле-шала Семейде ішкі туризмді дамыту секторын құру туралы шешім қабылданды. Алайда жергілікті өлкетанушылар бұған күмәнмен қарайды. Олар қала әкімшілігі жылдар бойы ескі ғимараттарды құлатып келгенін, ал туристік нысанға айналады-ау дегендері қирап жатқанын айтады.

«Мемлекеттік органдарды аудит жасаса, жүздеген млрд үнемделер еді» - Желіде "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының мемлекеттік тапсырысқа 1,9 млрд теңге жұмсағанын талқылап жатыр.

«Соттың жалғасы. Өзге инспекторлар жұмысында өзгеріс бола ма?» - Қарағанды облысында браконьерлер табиғат қорғаушы екі инспектордың бірін өлтіріп, бірін жаралаған резонансты істің материалдарында жіберілген қателіктер түзетіліп, сотқа қайта тапсырылды. Жақында Ақмола облысында да осыған ұқсас іс бойынша сот болады. Инспекторлар жұмысында оң өзгерістер болар деп үміттенеді.

«Отставкадағы майордың үкімі және өзгелердің ісі» - Ішкі істер министрлігінің отставкадағы майоры Болатхан Жүнісов биыл екінші рет бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сот айыпталушының бұдан бұрын істі болғанын ескеріп, жазаны төрт айға ұзартты. Соңғы күндері Қазақстанда дәл осындай айыппен бірнеше белсендінің бір жылға бас бостандығы шектелген.

AZATTYQ-RUHY.KZ «Долорес, Эллина, Анбиян – саяси элита балаларына қандай есім береді?» - Бұл жолы «Азаттық рухы» депутаттар, әкімдер мен танымал кәсіпкерлердің балаларына қандай ерекше есімдер беретініне тоқталды. 

INFORMBURO.KZ. «Латын әліпбиінің "заңды нұсқасы" тағы да өзгеруі мүмкін. Өзбек, түрік, әзербайжан және қазақ әліпбиі қаншалықты ұқсас?» - Латынға көшуге деген бастапқы қарқын басылды. Қарсы пікірлер айтып, оның ертеңіне сенімсіздікпен қарайтындар көбейе бастаған. Себеп неде?

SPUTNIKNEWS.KZ «Сәкен Сейфуллинге қатысты алыпқашпа әңгімеге нүкте қойылды»  - Сауытбек Әбдірахманов мемлекет қайраткерінің әйелдермен қарым-қатынасын жасырып-жабудың қажеті жоқ деп санайды.

 


24 қазан 2019, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.