Атырау, 13 желтоқсан 04:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

ТМД елдері басшыларының саммиті 5 желтоқсанда Ашхабад қаласында өтеді

5 731 просмотра

1-2 қарашада Ашхабад қаласында өтеді деп жоспарланған ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы 5 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы Түрікменстан президентінің сайтында хабарланған.

«ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 5 желтоқсанда Ашхабад қаласында өтеді. Ал 4 желтоқсанда дәстүр бойынша ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді», - делінген ақпаратта.

Еске сала кетсек, бұның алдында Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердымұхамедов ТМД саммитін жоғары деңгейде өткізуге ниетті екендігін хабарлаған болатын.

Кеңестің кезекті отырысында экономикалық және гуманитарлық саладағы аймақтық ынтымақтастықты дамыту мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тағы басқа шараларға бағытталған 20 құжат жобасын қарастыру жоспарланып отыр.

Дереккөз: bnews.kz

31 қазан 2012, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.