Атырау, 18 желтоқсан 17:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Тоқаевтың даулы жарлығын Ақорданың түсіндіруіне тура келді», «Тоқаевтың жарлығы Назарбаевтың биліктен кетпегенін білдіреді», «Билеушілердің көпшілікке айтылмайтын құпия өмірі», «Елбасынан кешірім сұрағандар бостандықта. Ал сұрамағандар ше?».

3 057 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Билеушілердің көпшілікке айтылмайтын құпия өмірі» - Постсоветтік авторитарлық елдерде жоғары лауазымды азаматтардың жеке өмірі мен отбасы туралы ақпарат әдетте қоғамнан құпия сақталады. Бұл танымал саясаткерлердің отбасы мүшелері үнемі халықтың көз алдында жүріп, талқылауынан түспейтін Батыс елдеріндегі жағдаймен салыстыруға келмейді. Сарапшылар мұны саяси мәдениеттің ерекшелігімен және тарихи дәстүрлермен байланыстырады.

«Тоқаевтың даулы жарлығын Ақорданың түсіндіруіне тура келді» - Президент Тоқаевтың министрлер мен әкімдерді бұрынғы президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасының қуаттауымен тағайындау туралы жарлыққа қол қоюы қоғамда дау тудырған жайға айналды.

«Тоқаевтың жарлығы Назарбаевтың биліктен кетпегенін білдіреді» - Қоғамдық белсенді, журналист Рысбек Сәрсенбайұлы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі түрлі жоғары лауазымға тағайындауларды бұрынғы президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келісу туралы жарлығы "елде қос билік жоқ" деген сөздің жалған екендігін дәлелдеді деп санайды.

ABAI.KZ. «Елбасынан кешірім сұрағандар бостандықта. Ал сұрамағандар ше?» - "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының экс-басшысы, "аса ірі көлемде пара алғаны үшін" 14 жылға бас бостандығынан айырылған Талғат Ермегияевтің ісі қайта тексеруге жіберілді. Бұл туралы Ермегияевтің қорғаушысы Алла Котлова мәлімдеді.

INFORMBURO.KZ. «Биыл қанша білім беру гранты игерілмей қалды? Мәжілісте білім саласындағы кемшіліктер аталды» - Биыл қанша білім беру гранты игерілмей қалды? Мәжілісте білім саласындағы кемшіліктер аталды. 


22 қазан 2019, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.