Атырау, 18 желтоқсан 18:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Ақпараттық саясатқа ақша бөлуден «рекорд» жасаған облыс», «Жұмысшылар наразылығынан соң Қытай компаниясы жалақыны өсірді», «"Өлім мен өмір мәселесі". Халық денсаулығы туралы кодекс және белсенділер уайымы», «Президент Сооронбай Жээнбековтің екі жылы».

2 836 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Президент Сооронбай Жээнбековтің екі жылы» - Екі жыл бұрын Сооронбай Жээнбеков президент сайлауында жеңіске жетті. Осы уақыт ішінде саяси алаңда елеулі оқиғалар өтіп, бұрынғы серіктері бітіспес қарсыласына айналды.  

«"Демократиялық цунами". Барселонада наразылық бәсеңдемей отыр» - Каталонияда аймақ тәуелсіздігін қолдаған тоғыз адамның үстінен Испанияның Жоғарғы соты шығарған үкімге жаппай наразылық жалғасып жатыр. Манифестанттар мен күш құрылымдары арасындағы қақтығыстан зардап шеккен ондаған адамның арасында полиция қызметкерлері де бар. Ондаған наразы ұсталған.

«Жұмысшылар наразылығынан соң Қытай компаниясы жалақыны өсірді» - Ақтөбе облысында жұмыс істеп жатқан Қытайдың "Восток нефть и сервисное обслуживание" компаниясы жергілікті жұмысшылардың еңбекақысын көтеруге келісті. Өндірістегі ең ауыр жұмысты атқаратын жергілікті жұмысшылар бұл өзгерісті жылдар бойы күткенін айтады.

«"Өлім мен өмір мәселесі". Халық денсаулығы туралы кодекс және белсенділер уайымы» - Қазақстан үкіметі дайындаған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасына қарсы петицияға бірнеше мың адам қол қойды. Онлайн петиция авторлары балаларға жасалатын екпені міндеттеу туралы ұсынысқа келіспейді. Олар кодекстің донорды реттейтін және адам ағзасын шетелге шығаруға рұқсат беретін бөлімдеріне де қарсылық білдірді.

«Жоқшылық қайыр тілеуге мәжбүр етті» - 17 қазан - халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күні. Қазақстанда ресми есеп бойынша, 2 миллон адам кедейлік шегінде тұрады. Олардың арасында табысы қажетіне жетпейтін, жоқшылық пен жұмыссыздықтан қайыр тілеуге мәжбүр болғандар да бар. Азаттық тілшісі Шымкент көшесінде тіленшілікпен айналысатындарды сөзге тартты.

«Қазақстанда 5,5 долларға күні қарап отырғандар саны өскен» - 17 қазан - Дүниежүзілік кедейлікпен күрес күні. Әлем елдеріндегі кедейшілік деңгейіне зерттеу жүргізіп отыратын Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлік деңгейі төмендегенін, бірақ кедейлікпен күресте бұрынғы қарқын бәсеңдегенін айтады. Сарапшылар елдегі кедейлікті жою үшін Қазақстан билігі жұмыс және әлеуметтік мәселелерді шешуі тиіс деп санайды.

AZATTYQ-RUHY.KZ «Ақпараттық саясатқа ақша бөлуден «рекорд» жасаған облыс» -  «Азаттық рухы» редакциясы Қазақстандағы облыстардың мемлекеттік ақпараттық саясатқа бір жылда қанша қаражат бөлетіні туралы материалдар сериясын жалғастырады. Айта кетейік, қазан айының басында жіберілген ресми сауалымызға әзірге санаулы ғана облыс әкімдіктері жауап жіберді.

INFORMBURO.KZ. «"Жошы Ханды зерттеу кезек күттірмейтін маңызды жұмыс". Алтын Орда тарихы жаңадан зерттеледі» - Қазақ, татар және басқа ел ғалымдары қатысқан талқыда Алтын Орда тарихын зерттеудің Кеңес Одағы кезінде идеология үшін шектелгені айтылды.


18 қазан 2019, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.