Атырау, 18 желтоқсан 17:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Босқын мәртебесін сұраймыз". ҰҚК Қытайдан қашқан екі қазақты әкетті», «Божко депутаттыққа лайық па?», «Қызылағаштық жігіттердің тағдырына бүкіл қазақ алаңдаулы», «Нобель - 2019: Сыйлық алған серкелер кім?​».

2 489 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Тәжікстан соты шетелдегі оппозициялық топты "террорлық ұйым" деп таныды» - Тәжікстан жоғарғы соты эмиграциядағы тәжік оппозиционерлерін біріктірген Тәжікстан ұлттық альянсын "экстремистік және террористік ұйым" деп танып, тыйым салды. Альянс өкілдері билік негізсіз шешім қабылдады деп санайды.

«"Босқын мәртебесін сұраймыз". ҰҚК Қытайдан қашқан екі қазақты әкетті» - "Қазақ-қытай шекарасын кесіп, бергі бетке өткен" Шыңжаң қазақтары ҚастерМұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын 14 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі әкетті.

ABAI.KZ. «Божко депутаттыққа лайық па?» - Қоғам белсенділері Мәжіліс депутаты, онда да Мәжілістің кіші спикері, бұрынғы министр Владимир Божконы "әлеуметтік азардықты қоздырды" деп айыптап, депутаттық өкілетін тоқтатуды талап қылыпты. Бұл туралы елішілік ақпарат құралдары жазды.

ZHASALASH.KZ. «Қызылағаштық жігіттердің тағдырына бүкіл қазақ алаңдаулы» - Бүгін Талдықорған қаласына қамаудағы қызылағаштық бес жігіттің жағдайын білуге бір топ қоғам белсендісі келді. Қоғам қайраткері Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ бұл істі қарап жатқан комитетке қоғам өкілдерін қосуды сұрады.

AZATTYQ-RUHY.KZ «Әбішев ісі: Басты күдікті қонақүйде кәсіпкермен не үшін кездескен?» - Жемқорлыққа қарсы агенттік Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішевке «60 млн теңге пара алуға оқталды» деген айып таққан.

AIKYN.KZ. «Нобель - 2019: Сыйлық алған серкелер кім?» - Нобель алудың  ерте-кеші жоқ. Биыл 97 жастағы химик Нобель сыйлығына ие болды. Эфиопия премьер-министрінің Эритреямен келіссөзі бейбітшілік белгісімен бағаланды. Сондай-ақ физика, медицина, әдебиет пен экономика саласы бойынша жеңімпаздар анықталды.


15 қазан 2019, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.