Атырау, 18 желтоқсан 17:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Қытай-Ресей арасындағы Орталық Азия соқпағы қайда апарады?», «АҚШ Қытай фирмаларына санкция салды. Арасында Тоқаев барған компания да бар», «Бюджет қаржысын жөнсіз шашқандар мен тиімсіз игергендерге шара қолдану керек».

2 363 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Қытай-Ресей арасындағы Орталық Азия соқпағы қайда апарады?» - Қазақстан президентінің Сочиде айтқан Ресейдің Орталық Азиядағы орны туралы пікірін елдегі ресми баспасөз жарияламады. Сарапшылардың кейбірі Тоқаевтың айтқандарын Қытайға сапардан кейінгі ақталу ретінде бағаласа, кейбірі дипломатиялық ілтипатпен байланыстырады.

«Ғазиза Тілеубай: "Наразылыққа қатысты деп режиссерлер менен сырт айналмас"» - Қыркүйектің 21-і күні "Түркі халықтарын лагерьде ұстап отырған Қытайға Қазақстанда орын жоқ" деген плакат ұстап, Шымкент қаласындағы Тәуелсіздік саябағына бет алған актриса Ғазиза Тілеубайды жолда полиция ұстаған. Ол саябаққа "Қытай жобаларына қарсы" наразылық шарасына қатысу үшін барған. Жеті сағатқа созылған "түсіндіру" жұмысынан кейін полициядан босап шыққан актриса Азаттық тілшісіне наразылыққа шығуға не түрткі болғанын, билікке қандай талабы барын және елдегі өнер адамдары өздерін саясаттан неге аулақ ұстайтынын айтып берді.

«АҚШ Қытай фирмаларына санкция салды. Арасында Тоқаев барған компания да бар» - АҚШ "Шыңжаңда ұйғырлар мен қазақтарға және басқа да мұсылмандарға қысым жасауға қатысы бар" Қытайдың 28 компаниясы мен фирмасына санкция салды.

«Билік пен бизнестің «қамқорлығындағы» ақындар айтысы» - "Нұр Отан" партиясы айтыс алдында билікті дәлелсіз сынауға, халықты наразылыққа шақыруға болмайтынын ескертеді" дейді айтыс ақыны. Әдебиет зерттеушілері "коммунистік партия айтысты идеология құралына айналдырды, қазіргі билік партиясы да айтысты үгіт-насихат құралы ретінде пайдаланып отыр" деп санайды.

DALANEWS.KZ.  «Осыдан 10 жыл бұрын Якутия тәуелсіздіктен айырылды. Қалай? Неге?…» - Мына суреттегі кім демеңіздер, Александр Габышев дейтін адам – бұл. Якут бақсысы. Жасы 50-де. Қоларбаға азын-аулақ керек-жарағын артқан күйі Мәскеуге қарай жаяу шыққан. Мақсаты – Владимир Путинді тақтан құлату.

AIKYN.KZ. «Қазақстандағы кедейлер кімдер?» - Соңғы жылдары Forbes Kazakhstan журналына еліміздегі бай­лығы асқан азаматтардың ат­тары жиі шығатын болды.

INFORMBURO.KZ. «Қазақ ұғымындағы қанның қасиеті мен қасіреті. Қан, тамыр ұстау және қан алу мен сіңіру туралы тарихи түсініктер» - Қазақтың денсаулық мәдениеті – қазақ емшілігінен бөлінбейді. Қан, қан тамыр және оны айыру және қан алдырудың пайдасы мен зияны туралы айтарымыз бар.

«Бюджет қаржысын жөнсіз шашқандар мен тиімсіз игергендерге шара қолдану керек» - Мәжіліс төрағасы мелекеттің ақшасын беталды шашып, жөнсіз игермеу мәселесіне нүкте қою үшін арнайы шара қолдану керектігін де ескертті.

«"9 айда ана да босанып, балалы болады". Мәжіліс төрағасы үкіметтегі бюрократия мен қағазбастылықты сынға алды» - Депутат Жәмилә Нұрманбетова жастар жылыына орай "Жас маман" бағдарламасына бөлінген қаражаттың игерілмеу себебін сұрады.


10 қазан 2019, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.