Атырау, 29 желтоқсан 01:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Өнер шыңына өрлеген Әсел

2 604 просмотра

Біздің жерлесіміз Әсел ӘБДРАХМАНОВА (суретте) өзінің алғашқы Subliminal клипін түсірді. Ол бірнеше апта бойына Марк Гордонның апталық бейне шоуы байқауының бірінші орнында тұрды.

Әсел өзінің өнеріне бас июші жерлестерінің есінде республикалық «Жас қанат-2009» байқауына қатысып, жеңімпаз атанғандығымен сақталып қалды. Ол музыкамен бала кезінен бастап айналысты және оның байқаудағы жеңісі өнермен кәсіби деңгейде айналысуға құштарлығын оятты. Бірден әлемдік музыка шыңына бағыт алған ол Голливудтағы жұлдызды жасау ережелері бойынша өз бағын сынап көруді мақсат етті. Болашақ жұлдыздың имиджін жасаумен кәсібилер командасы жұмыс жасай бастады. Ал мұқият дайындалған промо-бейне таспалар төрт продюсерлік – «Sony Records», «Jive Records», «Def Jam», «Capital Records» компанияларға жолданды. Жолданған бойда материалмен танысқан барлық компания да Әселмен жұмыс істеуге ниет білдірді.

Ол бірнеше жылдан бері Лос-Анджелесте тұрады және сол жерде жұмыс жасайды. Сондай-ақ, біздің жерлесіміздің шет жерде өзі ойлағандай жолы болғанға ұқсайды. Бүгінгі таңда ол ән айтып қана қоймайды, дизайнерлермен бірлесе жұмыс жасайды, модель ретінде Houston Fashion Week үшін фотосессияларға қатысады. Одан басқа, Қазақстан туралы фильм түсіріп жатқан австрия-американдық компаниялармен жұмыс жасауда, оларға аудармаға және музыкадан көмегін береді. Оның айтуынша, бұл өте қызықты жоба екен. Алайда, оның өмірінде ең басты орынды музыка алады, сондықтан да Марк Гордон шоуындағы жеңіс, сондай-ақ, 2013 жылдың шілдесінде өтетін 2012-2013 жылдардың Independent Music Video Awards (Таңдаулы тәуелсіз музыкалық клиптерді марапаттау) номинациясы Әсел үшін өте маңызды.

Өткен аптаның ішінде мені «Vmas» арнасына «Hollywood Life» хабарына сұхбат беруге шақырды. Әңгіме клип туралы, алдағы жоспарларым, шығармашылығым төңірегінде өрбіді – деп әңгімеледі Әсел. Американдық көрермендер қазақтың қара домбырасының үнін тыңдады. Олар үшін экзотикалық аспапты Әсел Атыраудан ала барды. Бұл оның нағашы атасы, танымал шебер Арыстанбек Молдашевтың тартқан сыйы еді.

Subliminal клипін ағайынды режиссерлар және қойылым қоюшылар Али және Зеус Замани түсірген, клипті түсіру барысында бұрын Бритни Спирс, Снуп Дог, Пафф Дэдди, Джей Ло секілді жұлдыздармен жұмыс жасаған өз істерінің білікті мамандары хореографтар  Кеннис Маркуис және  Джей Си қатысты.  Сіздер клипті интернеттен http://www.youtube.com/watch?v=M6EOXxiOAN8 қарап, бағалай аласыздар. Сіздерге ұнайтынына сенімдімін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 қазан 2012, 18:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.