Атырау, 5 желтоқсан 08:02
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Үздік мәнерлеп оқушы

3 176 рет қаралды

АМУ түлегі Нәзира ӘШІМ республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің сайысында бірінші орынды иеленді.

Талдықорғанда өткен сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 16 қатысушы отандық әдебиет классигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан БӨКЕЙДІҢ (1943-1993) шығармаларының мәйегін көрермендерге жеткізуге тырысты.

Әрі ауыр, әрі қызықты болды, - дейді Нәзира.

Нәзираның жеңіс тұғырынан көрінетіндігіне күмәнданбаған едім, өйткені ол осы сайысқа өте мұият дайындалды. Бұл лайықты жеңіс болды, - деп есептейді Нәзираның тәлімгері, ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері Төлеген ЖАНГЕЛДИЕВ.

Конкурс Ұлттық академиялық кітапхана мен мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Бір ел – бір кітап» акциясының шеңберінде өткізілген.

Анастасия ПАСТУХОВА

3 қазан 2012, 23:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.