Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев: АҚШ санкция салуын ешқашан тоқтатпайды. Наурыз айының 29-ы күні Дмитрий Медведев ВКонтакте әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.
Онда ол АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары мәселесіне тоқталып, өз ойымен бөлісті.
«Мен «АҚШ Ресейге санкция салуын тоқтатпайды» деп сеніммен айта аламын. Себебі соңғы 100 жылда олардың барлық саясаты біздің елімізге санкция салуға құрылған. Біздің тарихымызда санкциялар салынбаған кезең жоқ» - деп мәлімдеді Медведев.
Бұның алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео келесі аптада Ресейге қарсы салынатын кезекті санкциялар тізімін жариялайтынын мәлімдеген.
Дереккөз: "The Qazaq Times"