Атырау, 28 қараша 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Украинада президенттік сайлаудан соң халықтық толқулар мен көтеріліс болуы мүмкін

2 370 просмотра


Наурыз айының 31-і, яғни осы жексенбі – Украина халқының мемлекет басшысын сайлайтын күні, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Киевтегі көңіл-күй қазір орнықты болғанымен, сарапшылар халықтық толқулар мен көтеріліс болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. «Сәуір айында президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтуі де ықтимал», – дейді мамандар. 

Украинадағы әлеуметтік сауалнама нәтижесі: 39 кандидаттың ішінде қазір 3 адам бәйге басында келе жатқанын көрсетті. Олар: белсенді саяси күш – Юлия Тимошенко, белгілі әртіс – Владимир Зеленский және қазіргі президент – Петр Порошенко. 

Украинаның танымал жазушы-журналисі және саяси шолушы Дмитрий Гордон елдегі президенттік сайлау саяси шиеленесті арттыруы мүмкін деп қауіптенеді. Дегенмен заң бұзушылықтар орын алған жағдайда Украина журналистері оны ашық жазуға және жариялауға дайын екендерін айтады. 

Дмитрий Гордон, журналист, саяси шолушы: - Президенттікке үміткерлер арасындағы бәйге өте тартысты болады. Әлбетте, заң бұзушылықтарға да орын берілетіні сөзсіз. Дегенмен біз бар күшімізді фальсификациямен күресуге жұмсаймыз. Халықаралық саяси-құқықтық саланың тәуелсіз сарапшысы Андрей Бузаров алдағы күнгі президенттік сайлаудың екінші туры болады деп пікір түйеді. Ең қызығы, екінші кезеңге кім өтеді? Осы аптаның басты жұмбағы осы. 

Андрей Бузаров, халықаралық саяси-құқықтық саланың тәуелсіз сарапшысы: - Екінші турға Тимошенко мен Порошенко өтетін болса, алпауыт күштердің қақтығысы күшейіп, елде саяси дағдарыс орын алуы мүмкін. Өйткені екеуінің де саясаттағы салмағы ауыр және мүмкіндіктері мол. Егер екінші турға Порошенко мен Зеленский өтсе, қазіргі президенттің жеңіске мүмкіндігі артады. Өйткені Зеленскийді жақтайтын жастардың саяси белсенділігі төмен. Украинаның орталық сайлау комиссиясы да толыққанды әзірліктерін мәлімдейді. 

Биылғы жаңалық – бюллетеньнің қауіпсіздік деңгейі 10-ға дейін артқан, мемлекеттік тапсырыспен шығарылған бюллетень сапасы сондай, құнды қағаз ақшаның қауіпсіздік деңгейімен бірдей. Константин Хивренко, Украина орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінің жетекшісі: - 2014 жылғы президенттік сайлаумен салыстырғанда биылғы бюллютеньнің сапасы өте жоғары. Қауіпсіздіктің түрлі 10 деңгейі бар. Онда қолданылған бояулардың Украина ғана емес, әлемде баламасы жоқ. Орталық сайлау комиссиясы тәулік бойы жұмыс істейді. 31 наурыз күнгі президенттік сайлау науқанын «Хабар 24» арнасының Украинадағы меншікті тілшілері де бақылайтын болады. Жаңалықты жылдам әрі жан-жақты жеткізуге тырысатын боламыз.

Дереккөз: 24.kz

29 наурыз 2019, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.