Атырау, 28 қараша 10:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Аргентинаның экс-президенті сотталды

1 362 просмотра


Аргентинаның 88 жастағы экс-президенті Карлос Менем қамауға алынды.

Nacion порталының хабарлауынша, Аргентина соты Карлос Менемді жер телімдерін төмендетілген бағаға сату арқылы ақша жымқырғаны үшін үш жыл тоғыз айға бас бостандығынан айырған. Онымен бірге 3,5 жылға экс-экономика министрі Доминго Кавальо сотталды. Енді экс-президенттің мемлекеттік қызметпен айналысуына мәңгілік тыйым салынады.

1989-1999 жылдар аралығында Аргентина президенті лауазымын атқарған ол 2013 жылы Хорватия мен Эквадорға қару-жарақ контрабандасын жеткізуге көмектескені үшін жеті жылға сотталған. Бірақ, бұл үкім 2018 жылы күшін жойған. Мәліметтер бойынша, контрабандадан бөлек, 1991 жылы елдегі жетекші ауылшаруашылығы қауымдастығына төмен бағамен жер сатып келген.

Дерекккөз: qazaqtimes.com

29 наурыз 2019, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.