Табиғи монополияларды реттеу департаменті Атырау облысының аудандарында қолданылатын ауыз су тарифтерін талдау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы «Лотов М.Н.» ЖК бағалары қаралды.
Нәтижесінде Махамбет ауданының Ақтоғай ауылында су тарифі бір текше метрі 105,08 теңгеден 99,68 теңгеге (5,14%), соның ішінде, тұрғындар үшін 95-тен 90 теңгеге дейін және бюджеттік ұйымдар үшін 184,61-ден 176,09 теңгеге дейін төмендетілді. Ал Талдыкөл ауылында тариф бұрынғы деңгейде қалды: тұрғындарға бір текше метр үшін 88 теңге, бюджеттік ұйымдар үшін - 167,54 теңге.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ