Атырау, 25 қараша 04:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

3 032 просмотра


15 наурызда Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып бұрын Атырау облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ тағайындалды. 

Жаңа лауазымда ол ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларына жетекшілік етеді. Естеріңізге салсақ, бұрын қалалық әкімдіктегі осы блокқа жауапты болған Мейірім Қалауи биылғы қаңтар айында Индер ауданының әкімі лауазымына тағайындалған болатын.

Ұлықбек Тінәлиев Атырау мұнай және газ институтынан техникалық ғылымдар магистрі және Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-ден экономика және бизнес магистрі дәрежесін алған. 2017 жылы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып, мемлекеттік қызметке алғашқы қадамын жасады. Сол кезде ол ауданды қазіргі Атырау әкімі Әлимұхамед Құттымұратұлы басқарған еді.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды

16 наурыз 2019, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.