Атырау, 25 қараша 06:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Индер ауданында жаңа әкім

5 808 просмотра


Бүгін, 15 қаңтарда Атырау облысы әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Индер ауданында болып, жергілікті активке ауданның жаңа әкімі Мейірім ҚАЛАУИДЫ таныстырды. Бұрынғы әкім Серік АРЫСТАН денсаулығына байланысты лауазымынан босатуға өтініш берген.

Қалауи Мейірім Жоламанұлы 1985 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл селосында дүниеге келген.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. 2010 жылы «Тұран» ЖШС директоры, 2010 – 2011 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы, 2011 – 2012 жылдарда «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының төрағасы, 2012 – 2016 жылдары Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, 2016 жылы Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, одан әрі күні бүгінге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


15 қаңтар 2019, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.