Атырау, 25 қараша 04:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда нан қымбаттады

2 449 просмотра


11 наурыздан бастап Атырауда «әлеуметтік» нан 10 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан ДӘУЛЕТОВ хабарлады.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан мен Қостанай облысынан әкелінетін бірінші сұрыпты ұнның бағасы бір келісі 115 теңгеден 130 теңгеге дейін көтерілген. Осыған байланысты қала наубайханашылары бөлке нанның құнын көтеруге мәжбүр.

- Бүгінгі күннен бастап нан бағасы 70 теңге, ал бөлшек баға 75 теңге (65 теңге болды) болады. Атырауда нан тұтынудың 30%-ын жабатын «Дәулет Нан» ЖШС-нің 2 айға жететін бірінші сұрыпты ұн қоры бар. Таяу арада бұл кәсіпорын бағаны көтермеуге уәде беріп отыр, - деп хабарлады Р.Дәулетов. Оның айтуынша, қалалық билік бағаны ұстап тұруға барынша күш салған. Бірақ экономикалық себептерге байланысты бұл мүмкін болмаған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 наурыз 2019, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.