Атырау, 17 мамыр 14:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Жамбыл облысында өнерптапқыш "Lamborghini" құрастырып шығарды

Бейнежазба
1 891 просмотра

 

Жамбыл облысы Шу ауданында 67 жастағы Мейя Тафиков Lamborghini автокөлігінің көшірмесін құрастырып шығарды.

Спорттық көлікті құрастыруға зейнеткердің 9 жыл уақыты кеткен. Өнертапқыш ескі көліктердің бөлшектерін пайдаланған. Трактордың радиаторы да қолданылған, ал кейбіреуін өзі темірден құйып жасаған. Автокөлікті мобильді телефон арқылы оталдыруға болады.  Қазіргі уақытта өнертапқыш көліктің салоны мен электр сымдарын қосымша жөндеп жатыр. Ер адамның айтуынша, оның көлігіне қызығушылық танытқандар көп болған, кейбіреулері сатып алмақшы екен. Өнертапқыш көлікке әжесінің анасының құрметіне "Фидана" деген атау берген. Ол әзірге суперкардың құжаттарын рәсімдеп үлгермепті.  

"Honda көлігінің төменгі бөлігін алып, оны кескілеп, кеңірек етіп шығардым. Қанаттарын өзім жасадым. Мен оны ұшатын еткім келді. Сосын туыстарым мен достарым маған былай деді: "Осының саған не керегі бар?". Барлығын дайындап қойдым", - дейді Мейя Тафиков.


Дереккөз: 24.kz

3 наурыз 2019, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.