BBC АҚШ-тың әділет министрлігі Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен оның ұлы Максимнің елден заңсыз шығарған 4,5 млн долларын еліне қайтарғанын мәлімдеді.
АҚШ тарапы таратқан ақпарат бойынша, ақша Қырғызстан қаржы министрлігінің есеп-шотына аударылған. Бакиев отбасының жеке банкирі Евгений Гуревичке қарсы қозғалған қылмыстық іс нәтижесінде, 6 млн доллардың шетелге шығарылғаны анықталған. АҚШ әзірге оның тек 4,5 млн долларын Қырғызстанға қайтарды. Бұл қаражатты қырғыз үкіметі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, атап айтқанда ауылдарды таза сумен қамтамасыз етуге, заманауи медициналық құрылғылар сатып алуға және коррупцияға қарсы күреске жұмсамақ. Бұдан бөлек АҚШ пен Қырғызстан үкіметі арасында енді қалған қаржыны қайтару жөнінде келіссөз жүріп жатқаны хабарланды.
Дереккөз: qazaqtimes.com