5 жасар атыраулық бүлдіршін Алтынай РАМАЗАНОВА Түркияның Бодрум қаласында халықаралық сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.
Сән мектебінің директоры Вероника КОШМАНОВАНЫҢ айтуынша, әуелі бүлдіршін өңірлік балалар байқауында, содан соң «Азияның кішкентай ханшайымы» байқауында 30 қатысушының арасынан үздік деп танылған.
Анықталғандай, бұрын балаларды кастингтер арқылы таңдайтын, бірақ биылдан бастап іріктеу форматы өзгерді. Қазылар алқасы мен көрермендердің назарына түспес бұрын бүлдіршіндер бірнеше іріктеу байқауларынан өтуі тиіс.
В. Кошманова Түркияда да кішкентай ханшайымның көрермендер жүрегін жаулап аларына шәк келтірмейді:
- Оның табиғи сұлулығына, сымбатына көз салып қараңызшы. Алтынай халықаралық «Change» балалар журналының келбетіне айналды. Мұның өзі сән әлеміндегі маңызды оқиға.
Алтынай үлкендерше өз келбетінің лезгин әкесі мен қазақ анасының қанынан дарығанын айтып берді. Жоғары сән әлеміне бүлдіршін интернет арқылы аяқ басқан: әпкесі оның суретін instagram-ға жүктеген екен, содан бері қарай Алтынайдың өмірі күрт өзгерген:
- Мені көшеде танып қалып, жобаларға шақыра бастады. Жазылушыларымды қатты жақсы көремін, олар маған мейірімді, үнемі қолдау көрсетеді. Сурет салғанды және сәнмінбеде жүргенді ұнатамын.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА