Тәжікстан шекарасы маңында 17 мың содыр жүр. 26 ақпан күні Орталық Азия, Ресей және Ауғанстан елдері шекара қызметі басшыларының бас қосуында Тәжікстан шекара қызметінің төрағасы Ражабәли Рахмонәли мәлімдеме жасады.
Онда ол Ауғанстанмен арадағы шекара қауіпсіздігі жөнінде айта келе: «Ауғанстанның Бадахшан, Құндыз және Тахор аумағында 16 770 содыр бар. Олардың 6 330-ы шетелдік жалдамалы баскесерлер. Қазіргі уақытта аймақта «Талибан», «Ансоруллах», «Түркістан ислам қозғалысы» және «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымдары 37 әскери лагерь құрып, сонда ұрыс тәсілдерін пысықтауда» - деп мәлімдеді.
Тәжік-ауған шекарасының жалпы ұзындығы 1344 шақырым. Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Абдурахим Каххаровтың сөзінше, террорлық ұйымдардың бір аймаққа топтаса бастауына байланысты шекара күзеті күшейтілген.
Дереккөз: qazaqtimes.com