Атырау, 15 наурыз 10:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Дәрігерлер енді кінәламайды

2 145 рет қаралды


Бұқаралық ақпарат құралдарында вакцина алу қажеттілігі туралы жарияланымдар жарық көргеннен кейін қызылшаға қарсы вакцина алуға ниет білдірушілер саны айтарлықтай өсті, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА брифингте.

- Қызылша ауруы жиілегеннен кейін біз тексеру жүргіздік. Екпе алмаған 3 900 адамның бір жарым мыңында медициналық көрсетілімдер болған, қалғандары жеке себептер бойынша бас тартқан. Бірақ, жалпы алғанда, жағдай жаман емес деп ойлаймын, - дейді Аймұрзиева.

Оның айтуынша, бүгінде Атырау облысында қызылшамен ауыратын науқастар саны 38, бұл қаңтар айындағы сырқат үдеген кезге қарағанда әлдеқайда аз.

- Біз үш айлық қорды өткен айда бітірдік, бірақ қазір ахуал тұрақтанды: облыстағы бүкіл мемлекеттік мекемелерде қажетті вакцина мөлшері бар, - деп сөзін түйіндеді Аймұрзиева.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

24 ақпан 2019, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.