Атырау, 25 қараша 08:43
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызылшаға қатысты: медиктер ата-аналарды кінәлайды

2 992 просмотра

Солдан оңға: Надя Ерғалиева, Ұлжан Мұхтарова, Гүлнафис Танбаева

Соңғы кездері Атырау облысында кәмелетке толмаған 141 бала қызылшамен ауырған. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының (№2 облыстық аурухана) стационарында 111 бала емделген, бүгінде 30-ы ем алып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Ұлжан МҰХТАРОВА мәлімдеді.

- Жалпы, ата-аналардың өздері кінәлі, - деп есептейді Мұхтарова. - Кезінде бұл балаларға вакцина егілмеген, енді жаппай ауырып жатыр. Бірақ бүгінгі күні сырқаттану деңгейінің төмендегенін айтуға болады. Ауыр жағдайлар байқалмайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының емдеу бөлімінің басшысы Гүлнафис ТАНБАЕВА мынадай цифрлармен бөлісті:

- Соңғы деректер бойынша, 6 жасқа дейінгі 4214 баланың ата-анасы вакцина салдырудан бас тартқан. Мұның әртүрлі себебі бар: діни көзқарастан бастап медициналық көрсеткіштерге дейін. Себептерін түсіндірмей, бас тартатындар да бар. Біз қазір ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын анағұрлым белсенді жүргізіп жатырмыз. 2019 жылдың бірінші тоқсанында 4700 адамды қызылшаға қарсы егу жоспарланған, негізінен бұл жұмыстар қазір жүргізілді. Аурудың көбеюіне байланысты біз қосымша 7 мың доза вакцина алуға өтінім бердік.

- Біздің өңірде сәуір айының басына дейін қызылша вакцинасы болмайды деген ақпарат әлеуметтік желілерде таралып жатыр...

- Бұл шындыққа сай емес. Күні кеше - 2 ақпанда тағы бір партиясы келді.

Брифингке қатысқан №2 облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Надя ЕРҒАЛИЕВА жақында аурухана қабырғасында көз жұмған екі балаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты. «АЖ»-ға келгілі болғандай, ол жерде қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

5 ақпан 2019, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.