Атырау, 25 қараша 06:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жылу керек болса, жауап та мойныңда

2 797 просмотра


2009 жылы Мақат ауданы орталығында орталық жылу қазандығы ажыратылғаннан бері кенттегі 75 көпқатарлы үйдің (2111 пәтер) пәтер иелері өз беттерінше жеке жылу қазандықтарын қондырған. Бірақ оның қауіпсіздігіне - жергілікті әкімдік те, газшылар да жауап бермеді. Тек тұрғындар ғана жауапты.  

«АЖ» тілшісі алдымен газшыларға жолықты. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау ӨФ «Мақатгазшаруашылығы» учаскесінің директоры Сансызбай ӘБДИЛДИЕВ көгілдір отынның көпқабатты үйлерге тек тамақ пісіретін плита үшін берілетінін, жылу қазанына қосуға рұқсат берілмегенін, бірақ есептегіш арқылы әрбір тұрғынмен есеп айырысып отырғанын айтты.


2018 жылғы 27 шілдеде Мақат ауданы әкімі Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ өкімімен қысқа дайындық жөнінде жұмыс тобы құрылып, үйлер тексерілген.  Нәтижесінде 10 пәтерде қолдан жасалған жылу қазандығын салып алған, ал 50 жағдайда жылу қазаны стандартқа сай орнатылмағаны анықталды. Сондай-ақ, қазандықтарының мұржалары сыртқа шығып тұруына байланысты архитектуралық келбеті мен қасбеттерінің көріктерін кетіріп, мұржадан шыққан ыстың иісі пәтерлерге кіріп, улануға әкеліп соғуы мүмкін.

- Анықталған ережебұзушылықтар жойылып, жылу қазандықтары ауыстырылды,- дейді аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы Бекәділ ЖАЙКИН. Дегенмен, жеке жылу қазандығын пайдаланғанда сақтық шараларын орындағандары жөн. Жұмыс тобы тұрғындар арасында болып, газ қауіпсіздігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқыс оқиға болған жағдайда тұрғындардың өздері жауап береді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттерді түсірген автор

19 ақпан 2019, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.