Атырау, 25 қараша 09:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ана болуға асықпа, қызым

2 925 просмотра


Жылыой ауданында кәмелет жасына толмаған қыздардың жүкті болу фактісі көбейген. Аудандық аурухананың әйелдер консультациясының меңгерушісі Марат АЛДАБЕРГЕНОВТІҢ айтуынша, өткен жылы 18 жасқа дейінгі 36 қыз жүкті болған. Олардың біреуі 15 жаста, сегізі  16 жаста, қалғаны 17 жаста екен.

- Бұл қыздардың басым бөлігі бүгінде тұрмысқа шыққан. Зорлық-зомбылыққа ұшырағандар немесе балаларын перзентханаға тастау фактілері болған жоқ,- дейді Алдабергенов. – Дегенмен, бұл өте алаңдатарлық жағдай, өйткені олар әлі бала ғой.

Көптеген жасөспірімдер ересек өмірді түнгі көңіл көтеру орындарына бару деп түсінеді. Ал бұл жерлердің көбінде фейс-контроль жоқ. «АЖ» тілшісі Құлсары қаласындағы мейрамханалардың бірінің әкімшісімен сөйлесті.

- Қазір олардың барлығы ересек болып көрінеді, сырт көзге жастарын айыра алмайсың,- деп ақталды әкімші. Дегенмен сәл ойланып:

-  Олардың арасында мектеп оқушылары бар екенін білмейміз деп айта алмаймын,- деді.

Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Жанар ҚАЗИЕВА:

- Ерте жүктіліктің зардабы туралы ашық айтылып келеді. Мектеп қабырғасында түрлі тәрбие шараларымен бірге ата-аналардың қатыстырып, дәрігер-гинеккологтармен кездесулер өткізіліп тұрады. Жалпы, мектеп барлық жауапкершіліктен қашпайды, дегенмен ата-аналар жауапкершілігі де зор болуы қажет дер едім. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 ақпан 2019, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.