Атырау, 28 қараша 19:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​​Бельгияда ереуілге байланысты әуе қатынасы тоқтады

1 306 просмотра


Бельгия әуе қозғалысын басқару қызметі (Skeyes) жалпы ұлттық ереуілге байланысты бір тәулікке елдегі әуе кеңістігін жабатынын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабарланғандай, әуе қозғалысы 13 ақпан 22:00-ге дейін жабылады. Бұл шектеу сейсенбі, 12 ақпан кешкісін қойылды. 24 сағаттық ереуілді кәсіподақтар бастаған. Олар жалақыны көтеруді талап етіп жатыр. 

Ереуілге байланысты ұшақтардың ғана қозғалысы емес, қоғамдық, теміржол және теңіз көліктерінің де қозғалыстарына шектеу қойылып жатыр. Сондай-ақ, бұл ереуілге елдегі барлық мемлекеттік мекемелер қатысады. Білім беру, коммуналдық және жедел қызмет, соның ішінде құтқарушылар мен полиция жұмысы да жартылай тоқтайды. 

Дереккөз: inform.kz

13 ақпан 2019, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.