Атырау, 19 желтоқсан 14:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Делиде қонақүй өртеніп, 17 адам ажал құшты

1 869 рет қаралды


Делидегі Arpit Palace қонақүйінде өрт болып, 17 адам құрбан болды. Оның ішінде жас бала да бар, деп хабарлайды ВВС

Бұл мәліметті Үндістан полициясы таратқан. Видеода адамдардың 4-қабаттан секіріп жатқаны көрінеді. Өрт сейсенбі күні таңғы уақытта болған. Билік өкілдері 35 адам құтқарылғанын мәлім етті. 

Бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға түскен. Қонақүй Карол-Ба деп аталатын орталық ауданда орналасқан. Ол жер туристерді базарларымен, сауда сататын көшелерімен және арзан бағалы қонақүйлерімен тартады. 

БАҚ таратқан ақпаратқа сай, ажал құшқандардың көбі адамдардың бір-бірін жаншып-таптауынан өлген. Қазіргі сәтте оқиға неден болғаны анықталып жатыр. 

Дереккөз: inform.kz

13 ақпан 2019, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.