Қазан қаласында қоғам белсенділерімен кездесуінде бірінші қатарда отырған Татарстан президенті Рустам Миннихановқа сөзін тыңдамай отырғаны үшін ескерту жасады, - деп хабарлайды ИА REGNUM.
Кездесуде саясаткерлер мен қоғам белсенділері "Халықтық бақылау" сервисін қолданудың артықшылықтарын талқылаған. Бұл сервис шенеуніктер мен азаматтардың арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған. Путин өз сөзінен кейін Миннихановтың назарын аударғысы келді. "Рустам білетін болуы керек, солай ма? Рустам Нургалиевич! Рустам Нургалиевич! (...) Бізді тыңдамайды. "Халықтық бақылау" жақсы жоба, айтып бар, жарай ма?", - деді ол республика басшысына.
Бұдан кейін ресейлік басшы Миннихановтың назары өзгеде болғандықтан оны "ыңғайсыз жағдайға" қалдырмау керектігін әзілдеп айтты.
"Республика басшысын ыңғайсыз жағдайда қалдырмайық, ол не айтып отырғанымды естімеді", - деді Путин.
Президенттер арасында тағы да ыңғайсыз жағдай болды. Сол күні Мемкеңес жиынында Путин Татарстан басшысына сөз берген. Алайда залға қарап, баяндамашының жоғын аңғарды.
"Кетіп қалды. Қайда кетті?", - деді Путин.
Приспичило может
— Сергей (@ser_sam_063) 12 февраля 2019 г.
Оқиғаның видеосын журналист Дмитрий Смирнов Twitter желісінде жариялады. Кейін Татарстан басшысының баспасөз қызметінің өкілі Миннихановтың Мемкеңес президиумы отырысынан ешқайда кетпегенін, оған сөз берілгенде мінберге қарай бара жатқанын хабарлады.
"Рустам Минниханов бұл кезде залдың бір жағында орналасқан мінберге қарай бара жатты", - деп түсіндірді президент өкілі.
Дереккөз: tengrinews.kz