Атырау, 25 қараша 10:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Екі зауыт - бір заңды тұлға

3 102 просмотра


Алдағы екі айда Атырау облысындағы екі балық өсіретін кәсіпорын – Жайық-Атырау бекіре зауыты (Курилкино) мен Атырау бекіре зауыты (Еркінқала) бір заңды тұлғаға біріктіріледі. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басқармасының басшысы Қадырбек ИСКАЛИЕВ хабарлады.

- Үкімет қаулысы әзірге шыққан жоқ, бірақ оны министрліктермен және ведомстволармен келісу үдерісі басталды. Ол шамамен екі айға созылады. Бұл шешім зауыттардың бірдей функцияны атқаратындығына байланысты туындады. ҚР Президентінің оңтайландыру туралы Жарлығы бар. Оның үстіне 3-4 жыл бұрын эксперимент ретінде олар тұтас жүйе секілді жұмыс істеді.

Қ.Искалиев бұл шешімнің өткен жылдың желтоқсанында Жайық-Атырау зауытында бекіре балықтарының жөндеу-аналық үйірінің қырылуына байланысты қабылданғаны туралы болжамды жоққа шығарды.

Балық өсіру зауыттарының қуаты да бірдей - жылына 3,5 млн шабақтан.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 ақпан 2019, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.