Атырау, 25 қараша 09:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Теңізде жұмысшылар кешкі астан уланды

Толықтырылды
2 941 просмотра


8 ақпанда Теңіз вахталық ауылында "ЮлмарСервиз" ЖШС-тің 16 жұмысшысы кешкі астан кейін өздерін жайсыз сезініп, Құлсарыдағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Тексеруден кейін төртеуі ауруханаға жатқызылды.

Атырау облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті бұл оқиға бойынша келесі ақпаратты берді:

«4 адамның денсаулығы орташа ауыр жағдайда болып, оларға «тамақтан улану» диагнозы қойылды және аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Қазір жағдайлары қалыпқа келді, кешікпей ауруханадан шығады. Қалған 12 адамға «белгісіз этиологиядан болған өткір энтероколит» диагнозы қойылып, "ЮлмарСервис" ЖШС оқшаулағышында ем алды. 11 ақпанда жұмыстарына қоссылды.

Барлық науқастар ауруларын "Юлмар Сервис" ЖШС асханасынмен байланыстырады. Қазір асхананың жұмысы тоқтатылды, қажетті шаралар қабылданады» 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

11 ақпан 2019, 20:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.