Сауд Арабиясының муниципалитеттер істері жөніндегі министрлігі жемқорлық үшін айыпталған 126 шенеунікті қызметінен босатты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Министрлік өкілдері 15 қаладағы бөлімшелердің қызметкерлері жұмыстан босатылғанын айтады. Оның ішінде Эр-Рияд пен Джидде қалалары бар. 2017 жылдың күзінде Сауд Арабиясы билігіндегілер мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманмен бірге жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс бастаған болатын. Нәтижесінде жүздеген саясаткер, кәсіпкер, корольдік отбасылардың мүшелері ұсталған еді.
Олардың көбі біраз уақыт өткен соң активтерін мемлекетке өткізіп, бостандыққа шыққан.
Дереккөз: tengrinews.kz