Грекия астанасы Афинада халық ереуілге шықты. Ашынған жұрт Афина мен Скопьенің Македония Республикасының атауын өзгертуіне қатысты шешіміне қарсылығын білдірді.
Парламент ғимаратының алдында жиналғандар тәртіпсіздік орнатты. Оларды тарату үшін тәртіп сақшыларына көз жасаурататын газ қолдануға туракелді. Жиналған жұрт полицияға тас пен жарылғыш зат лақтырған.Тәртіпсіздік барысында 133 адам тұтқындалды.
Бұған қарамастан гректер бүгін де ереуілге шықпақ ниетте.
Дереккөз: 24.kz