Атырау, 29 қараша 00:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Alibaba басшысы компаниядан кететінін растады

1 213 просмотра


Алайда, ол директорлар кеңесі құрамында қала беретін болады. Бұл жөнінде ТАСС порталы хабарлайды.

Электронды сауда саласындағы алып компания Alibaba басшысы әрі негізін қалаушы Джек Ма 2019 жылдың қыркүйегінде компаниядан кету жөніндегі өз жоспарын растады.

«Шешім солай болып тұр», - деді ол компаниядан кету туралы жоспары жөнінде қойылған сұраққа жауап беріп.

Бұған дейін оның аталған компаниядан кететіні туралы Alibaba Group-қа тиесілі South China Morning Post газеті жазған болатын.

2018 жылдың қыркүйек айында Джек Ма әріптестеріне жолдаған хатында өз қызметінде тағы бір жыл жұмыс істеп, одан кейін тек Alibaba компаниясының директорлар кеңесінің құрамында ғана қалатынын айтқан болатын. Ол директорлар кеңесінде шамамен 2020 жылға дейін компания жұмысын бақылайтын болады.

Дереккөз: baq.kz

24 қаңтар 2019, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.