Атырау, 29 қараша 00:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

АҚШ Венесуэла президентін биліктен кетуге шақырды

1 863 просмотра


Венесуэлада төңкеріс. Ұлттық Ассамблея басшысы Хуан Гуаидо өзін уақытша президент деп жариялап, ант қабылдады. Көшеге шыққан ондаған мың шеруші Гуаидоны қолдап Мадуроның биліктен кетуін талап етіп жатыр. 

Гуаидо халық алдында елдегі президенттік міндеттерді қолға алып, өтпелі үкімет құратынын жеткізді. Алайда әскер Мадуро жағында. Олар жаңа президенттің өкілдігін мойындамайтынын мәлімдеді. 

Елде жаппай наразылық шерулері белең алды. Соңғы мәліметке қарағанда полициямен қақтығыс кезінде 4 адам көз жұмған. 

Хуан Гуаидо, Венесуэла ұлттық ассамблеясының басшысы: – Мен өтпелі кезеңдегі президент ретінде елдегі барлық атқарушы билікті қолыма алып, қазіргі халықты қанап отырған билікті тоқтатуға және әділ сайлау өткізуге уәде етемін. 

Президент Николас Мадуро бұл АҚШ-тың әрекеті деп, Құрама Штаттармен дипломатиялық қарым қатынасты үзді. Вашингтон Хуан Гуаидоны президент деп танитынын айтып, Мадуроны биліктен кетуге шақырды. Америка мемлекеттері ұйымы да Гуаидоны өтпелі президент деп мәлімдеді. Еуропалық ееңес төрағасы Дональд Туск те Венесуэладағы демократиялық күштерге қолдау білдірді. 

Еске сала кетейік, Венесуэладағы наразылық шеруі дүйсенбі күні бір топ әскери Мадуро билігіне қарсы шыққан соң басталған. Оған қаңтардың 10-ы күні Мадуроның былтырғы мамыр айында өткен президенттік сайлау қорытындысы бойынша ресми түрде өз қызметіне кірісуі себеп болды.

Дереккөз: 24.kz

24 қаңтар 2019, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.