Польша президенті Анджей Дуда Гданьск қаласының мэрі Павел Адамовичтің өліміне қайғырып, көңіл айтты. Қайырымдылық концерті кезінде сахнада тұрған мэрдің кеудесіне 27 жастағы қаскөй үш рет пышақ сұққан.
Павл Адамович дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бірнеше сағат бойы оның жанын сақтап қалуға тырысқанымен, қала мэрі ауыр жарақаттан көз жұмды. Жантүршігерлік қылмысқа барған қылмыскер дереу тұтқындалды.
Стефан есімді қаскөй 2013 жылы банк тонағаны үшін 5 жарым жылға сотталған. Ауыр психикалық ауытқуы да бар деп танылған екен. Ал 1998 жылдан бері Гданьск қаласының мэрі болған Павл Адамович 53 жаста болатын.
Дереккөз: 24.kz